• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:22:41
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 Экономика

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы 10 маңызды жаңалық

Алданған үлескерлерге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында үй салынады

Жыл басы жылжымайтын мүлік нарығы үшін жаңалықтарға толы болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kn.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде тоқсан аралық қорытындылар мен «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары бар. Алданған үлескерлерге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында үй салынатынын да атап өту керек.

  1. «Нұрлы жер» Қазақстандағы құрылыс саласына кететін қаржыны 90% өсірмек

Жаңа қабылданған тұрғын үй барғарламалары тұралап қалған құрылыс материалдарының өндіріс саласын жандандырады.

11 айдың ішінде елде 9,6 миллион шаршы метр жер (бір жылда +7,6%) құрылысқа берілді. Оның 4,1 миллион шаршы метрін халық пайдаланды.

  1. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында тұрғын үй құрылысы бір жылда 8% өсті

2017 жылы 11 айда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 8% өсті. Десек те құрылыспен айналысатындар құрылыс үшін қаржы табу тетіктерін көп пайдаланбайтыны байқалады. Кредит беру саласы бір жылда 4% төмендеген. Құрылысқа кредит беру азайды. Қазан айының қорытындысы бойынша аталмыш сала портфелі 937,7 млрд теңге ғана болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға, ал қыркүйекпен салыстырғанда 4,2% аз.

  1. Бір жылдың ішінде Қазақстанда жаңа салынған пәтер бағасы қымбаттады

2017 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін тұрғын үй сатылымы 1,3% өсті. Пәтерді алып сату бағасы 1,6%, тұрғын үй бағасы 0,8% арзандады. Пәтерді жалға алу бағасы 3,8% қымбаттады.

Жаңа салынған үй бағасының қымбаттауы Талдықорғанда (+56,8%), Астанада (+4,6%), Ақтөбеде (+4,0%) байқалды. Ал Алматыда жаңа салынған үй бағасы, керісінше, 3,9% арзандады.

  1. Президент 2030 жылға дейін бір адамды 30 шаршы метр тұрғын үй аумағымен қамтамасыз етуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауында соңғы 10 жылда қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 30% артып, 21,6 шаршы метр болғанын айтқан. Елбасы республикада пайдалануға берілетін тұрғын үй санының артуына мемлекеттік бағдарламалар ықпал еткенін атап өтті. Қазір жылына 10 миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысына беріледі.

  1. Жеке тұлғаның салған үйін қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілді

2017 жылы 13 желтоқсанда ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің бұйрығы бойынша жеке адамның салған тұрғын үйін қабылдау ережесі мен қабылдау актісінің формасы өзгерді. Акт – үйді тіркеу барысында оны салған адамдікі екенін айғақтайтын құжат.

  1. 2015-2017 жылдар аралығындаАстанадағы тұрғын үй құрылысының сапасы жақсарды

Салынып жатқан үйлердің сапасына қатысты тұрғындардың шағымы азайған. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының төрағасы Төлеген Құлышевтің айтуынша, Астанада өз бетімен тұрғын үй салу фактілері жойылған. 2017 жылы 655 субъект 114 173 568 сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік сот арқылы 460 субъект 35 815 940 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  1. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін жекешелендіру 2018 жылдың аяғына дейін жүзеге аспақ

Инвесторлар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін кешенді сараптамадан өткізуді бастап кетті. «Байтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Арифханның берген ақпаратына сәйкес, қаржы кеңесшісі инвесторларды іздеу және келісім бойынша потенциалды инвесторларға 420 сұраным жіберді. Оның 249-ы қызығушылық білдірді.

  1. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 50 млрд теңге қарыз беруді жоспарлап отыр

Қазір Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі клиенттері үшін 7462 пәтер пайдалануға берілуге дайын. 2018 жылы тағы 16 938 пәтерді салу жоспарда бар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің клиенттеріне Қазақстанның барлық қаласында беріледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарты бойынша арзан бағамен үй алу үшін жеке шотында ең аз дегенде 30% көлемінде жарнасы бар банк салымшысы болуы қажет. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жылына 5% жеңілдікпен қарыз ала алады.

  1. Коллекторларға ипотека алғандарды мазалауға тыйым салынды

Коллекторлық қызмет тұрғын үй түріндегі кепілдемесі бар жеке тұлғаға жүргізілмейді. Бұл «Коллектрлік қызмет туралы» заңда жазылған.

2018 жылдың 1 ақпанында 60 коллекторлық агенттік Ұлттық банктегі есептік тіркеуден өтті. 02.06.2017 мен 01.01.2018 аралығында Ұлттық банкке коллекторлардың Заң қалданға дейінгі әрекеттері жөнінде 15 арыз түсті.

  1. Астанадағы даулы тұрғын үйлердің құрылысын өкілетті ұйымдар жүргізеді

Астана қаласы әкімдігі даулы құрылыс нысандарының құрылысын аяқтайтын өкілетті ұйымдар құрылатынын хабарлады. Ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Ұйым ЖШС ретінде жұмыс істейді. Астанада «Нұрлы жер» бойынша қатысатын даулы құрылыс нысандарының тізімі жасалды. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведосмтвоаралық комиссия отырысында қандай нысандар мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылысын аяқтайтыны анықталды.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір