• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:45:39
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2018 Экономика

Қазақстанның халықаралық резерві бір айда 2,3 миллиард долларға азайған

Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.

Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2018 жылғы шілде айында маусыммен салыстырғанда 0,61%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,58% төмендеп, 87,668 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл турлы Ұлттық банк ақпарат таратты.

Қаржы институтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 2,62% өсіп (жыл басынан бері 0,46% өскен), 30,886 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,67% өсіп (+0,51%), 30,388 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 2,29% (-2,66%) төмендеп, 56,782 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 18,09 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 5,41% (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 0,86% азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.

Бір ай бұрын Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсімі 4,1 процентті құрағанын мәлімдеген болатын. «Инфляция біртіндеп азайып келе жатыр және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 процентті құрады, ал жылдық инфляция – 5,9%. Инфляцияның барлық компоненті бойынша баға өсімі бәсеңдегені байқалады», — деген еді министр.

Ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жоғары өсу үрдісі сақталған. Өсім 25,8%-ті құрады.

«Биыл 1 маусымындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 0,9%-ке ұлғайып, 89,9 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Ұлттық қордың активтері 1,5 процентке өсті», — делінген Сүлейменовтің 10 шілдедегі есебінде.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір