• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:33:32
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Қазақстанның тумасы америкалық БАҚ-ты таңғалдырды (видео)

Сондай серуендеп жүрген кезінде америкалық БАҚ-тың жұлдызына айналды.

Қазақстанның тумасы америкалық БАҚ-ты таңғалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі usa.one сайтының дерегін негізге алып. 45 жастағы Тимофей Юрьев қазір Нью-Йорк штатының тұрғыны. Ол әйелімен бірге Ирвингтонск су қоймасының маңында жиі серуендейді екен. Сондай күндердің бірінде америкалық БАҚ-тың жұлдызына айналды.

Күн әлі жылына қоймағандықтан су қоймасын жұқа мұз басқан. Бір кезде ол мұздың үстінде жүрген 2 итті көреді. Иттің иесі жақын маңда жүр екен. Ол өзінің иттерін шақырған кезде, мұз шытынап, иттер суға батып кетеді. Иттер барынша тырысқанымен, жағаға өз бетімен шыға алмады.

Тимофей ойланбастан сырт киімін шешіп, иттерді құтқаруға бекінеді. Ол иттерді құтқарып, жағаға алып шығады. Ал оның әйелі Мелисса болған жайтты видеоға түсіреді. 

Тимофей болса бұл әрекетін "құтқарушылар келгенше иттер өліп қалар еді", - деп түсіндірді. Оның айтуынша, америкалық әйел иттерінің аман-сау екенін көргенде қуаныштан жылап жіберген. 

Тимофей Юрьев Қазақстанда дүниеге келген. Бірақ балалық шағы Сібірде өтіпті. Сондай-ақ ол жүзумен айналысады екен. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір