• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:42:58
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2017 Саясат

Қазақстанның Қорғаныс министрі Мирзиеевпен кездесті

қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов өзін жылы қабылдаған Өзбекстан президентіне алғысын білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жолдады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 17 тамызда Өзбекстанда ресми сапармен жүрген Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстандық  орталық жаңалықтар қызметінің мәліметіне сүйенсек, қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов өзін жылы қабылдаған Өзбекстан президентіне алғысын білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан табысты еңбек пен шынайы сәлемін жолдады. Сондай-ақ, министр Қазақстан мен Өзбекстан арасында әскери-техникалық қарым-қатынастың дамуына мүдделі екенін әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан мен Қазақстанның қорғаныс министрлігінің өндіріс кооперациясы мен әскери кадр дайындауда өзара іс-қимылдарын тиімді дамытуды талқылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір