• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:34:26
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 Экономика

Қазақстанның қарызы 22% көбейіп 15 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2018 жылдың маусым айының есебі бойынша 14,8 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш – былтырмен салыстырғанда (12,1 трлн теңге) 21,9% көп.

Елдің қарызы мемлекеттік қарыздан тұрады. Ол  14,2 трлн теңге (өсім - 20%). Кепілденген қарыз - 523 млрд теңге (өсім - 2,2%) және мемлекет кепіл болған ішкі қарыз - 37,8 млрд теңге (өзгеріссіз).

Мемлекеттік қарыз ҚР үкіметінің ішкі қарызының есебінен көбейген. Бір жылда ол 30,6%, яғни 4,4-дан 5,8 трлн теңгеге артқан. Сыртқы қарыз 4,7% немесе 210 млрд теңгеге көбейген.

Соңғы 5 жылда мемлекеттік қарыз 4 есе өскен. Орташа есеппен қарыздың көлемі жылда 28,8% көбейіп отыр.

Барлық сала бойынша мемлекеттік шығын 9,6% немесе 449,1 млрд теңгеге артты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір