• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:30:48
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019

Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді

Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді.

«31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында "Анашым, біз үйдеміз" жобасын бастайды. Миллиондаған телекөрерменнің көз алдында қарапайым пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, көпбалалы отбасылардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады. 31

Пәтер және жөндеу мәселелері – қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі, ал көпбалалы отбасылар үшін әсіресе маңызды.  Бірақ, әдетте, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұндай отбасылардың мүмкіндіктері жоқ. "31 арна" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге көпбалалы отбасыларға қадам жасап, әрбір отбасы мүшесінің өмір сүру ерекшеліктеріне сай, жайлы және заманауи тұрғын үй жайлы армандарын іске асырмақ.31

"Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз "Анашым, біз үйдеміз" жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы", – деп атап өтті "31 арнаның" бас директоры Юрий Бродский.31

Жобаны дайындау 15 мамырда басталады.

Жобаға қатысу үшін қажет:

  1. http://www.mamamydoma.kz/ сайтына өту
  2. Қатысушының сауалнамасын жүктеу
  3. Өтінішіңізді [email protected]  электрондық поштасына жіберу

немесе +7 708 26 77 326  телефон нөмірі арқылы жоба координаторымен байланысу қажет.

Ал 11 тамыздан бастап "31 арнаның" көрермендері әр отбасымен" жеке" танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейе түсіп, қатысушыларға сыйлаған қуанышына куә болады. 

БАҚ өкілдері үшін байланыс:

31 арнаның атқарушы продюсері – Анна Гулиева

+7 777 779 179831

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір