• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:55:40
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2017 NEWS

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтілуде

Бүгін Республиканың басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі; бұршақ, дауыл болуы ықтимал.  Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертен тұман болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді деп күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында түнде және таңертен тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтілуде.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір