• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:02:25
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2017 NEWS

Қазақстанға «Сладкое» көлін беру туралы ақпарат жалған болып шықты

Аудан әкімшілігінің басшысы Владимир Шубников «көлді беру» туралы ақпаратты «еріккендердің шығарып жүргені» деп санады.

Новосибирск облысы Заңнамалық кеңесінің бірінші вице-спикері Андрей Панферов Купинск ауданындағы "Сладкое" көлін Қазақстанға беру туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бұрын Купинск ауданының әкімшілігі шекараны белгілегенге дейін "Сладкое" көлінің бір бөлігі Ресейге тиесілі болғанын, ал қазіргі уақытта толығымен Қазақстан аумағына тән екенін хабарлаған. Кейін Ресейдегі Қазақстан елшісінің баспасөз қызметі шекараның сол күйі қалғанын жеткізген.

«Көлдің бір бөлігі бізге тән. Шекара өзгерген жоқ. Мемлекеттің бір аумағын өзге мемлекетке беріп қоюды өздеріңіз қалай елестетесіздер?», – деді аудандық парламенттің бірінші вице-спикері «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында.

Ал аудан әкімшілігінің басшысы Владимир Шубников «көлді беру» туралы ақпаратты «еріккендердің шығарып жүргені» деп санады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір