13 Қазан, 2018 NEWS
Қазақстанға алғашқы қар түсті (фото)
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында суық атмосфералық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын ескерткен еді.
Бүгін Қазақстанның солтүстік аймақтарына алғашқы қар түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында суық атмосфералық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын ескерткен еді.
Бүгін Астанада, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жабысқақ қар жауады. Бұған қоса желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді деп болжануда.
Жексенбі, 14 қазан күні республиканың оңтүстігінде күн суытады. Атап айтсақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қатты нөсер жауын жауып, арты қарға ұласады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір