• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:39:29
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 Әлеумет

2017 жылы Қазақстанда 13 тастанды бала тіркелген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сүйеніп. 

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2017 жылы 13 бала құрылыстан, құдықтар мен қоқыс жәшіктерінен табылған. Олардың үшеуі қайтыс болған.

Мұндай жағдай артып жатыр: 2016 жылы 7 бала табылған еді», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырлы органы агенттіктің жазбаша сауалына.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ-нен алынған ақпаратқа сәйкес биыл екі айдың ішінде екі бала табылса, оның бірі көз жұмған. «Жергілікті атқарушы органдар табылған балаларды қазақстандық отбасыларға орналастырды.

Жергілікті атқарушы органдар тастанды балаларды анықтаған жағдайда, оларды отбасыларға орналастыру бойынша құқығы басым туыстарына беріледі», - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір