• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:50:59
+35°

02 Мамыр, 2019 Саясат

Қазақстандықтар өздерін сайлаушылар тізімінен тексере алады

Кодтық сөз – бос орын – азаматтың ЖСН нөмірі жазылған хабарламаны 1414 нөміріне жіберу қажет.

Сайлаушылар тізімі туралы бұл ақпаратты азаматтар 2019 жылдың 9-мамырына дейін алуына мүмкіндік бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Караван порталына сілтеме жасап.

Өзіңіздің сайлау бөлімшеңіз туралы ақпаратты білу үшін: кодтық сөз – бос орын – азаматтың ЖСН нөмірі жазылған хабарламаны 1414 нөміріне жіберу қажет.

Ақпаратты мемлекеттік тілде алу үшін "Сайлау" немесе "Saylau" сөзін жазып – бос орын – ЖСН жібересіз. Ал орыс тілінде ақпарат алу үшін "Выборы" немесе "Vibory" -бос орын – ЖСН жазылған хабарламаны 1414 нөміріне жіберу қажет. Бұдан бөлек, сайлаушылар өздерінің сайлау бөлімшелері туралы ақпаратты облыс әкімдіктерінің ресми сайттарынан да ала алады. Ол үшін сайттың басты бетіндегі "тексеру" бөліміне кіріп, жеке куәліктің нөмірі мен ЖСН теру керек.

Егер сайлаушылар тізімінде болсаңыз, сіз тіркелген сайлау бөлімшесі туралы толық ақпарат шығады.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір