• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:53:35
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Дәстүр

Қазақстандықтар Баян Сұлу образын өздері таңдайды

Алматыда халықтық дауыс беру арқылы ең үздік Баян Сұлу образын таңдау шарасы басталды.

Алматыда халықтық дауыс беру арқылы ең үздік Баян Сұлу образын таңдау шарасы басталды. «BAYAN SULU-2018» Халықтық бейне - Халық таңдауы» деген атқа ие болған бастамаға қостанайлық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы қолдау көрсетіп отыр. Сайыс жеңімпазы 2018 жылдың 15 сәуірі, яғни Ұлттық Ғашықтар күнінде белгілі болмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ошанова

Жуырда ұлттық арна экранынан тарихи тақырыптағы отандық шығарылым - «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясы көрсетілді. Туындының көрермендер көкейінде ұнамсыз ой қалыптастырып, резонанстың орын алуына ұйытқы болғаны жасырын емес. Сыни пікірлер әсіресе, басты кейіпкер Баян Сұлудың образына бағытталды, яғни «...көрермен қауым өз қалауындағы шынайы, жырдағы бейнемен ұштасатын қазақ аруын көре алмады». Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жағдай - қазақ халқының осы тұста өз ойын білдіргісі келгендігінің айқын мысалы және халықтың сүйікті кейіпкерін таңдауға қатысуға ниетті екенін анық аңғартады.

«Біз қызу талқыға түсіп отырмыз. Қоғамымызда шынайы Баян Сұлу бейнесін дәріптейтін түсінікті толық қалыптастыруға үлес қоссақ дейміз. Сондықтан да қазақстандықтарға қаракөз аруларымыздың арасынан ұлтымыздың сүйікті образына ақылы мен көркі сай келетін, онымен ұштасатын бейнені анықтау мүмкіндігін ұсынуды жөн санадық», - дейді «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының өкілі және ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марлен Абылғазинов.

баян сұлу

Сайысқа қатысу үшін 18 және 35 жас аралығындағы қыз-келіншектер www.halykbayansulu.kz сайтындағы арнайы анкетаны толтырып, өз фотосы және видео-ақпаратты жүктеуі керек. Видеода қатысушы Баян Сұлу образының қазақ халқына ерекшелік сипатын және осы бейнені сомдауға неге ол лайықты екендігі туралы әңгімелеуі тиіс. Сайыс 2018 жылдың 15 ақпаны мен 31 наурызы аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында интернет қолданушылар өз дауыстарын бере да алады.

Халықтың дауыс беру нәтижесінің негізінде финалдық кезеңге 5 қатысушы өткізіледі. Мерекелік ақтық бәсеке 15 сәуір күні Алматы қаласында өтеді. Әділқазылар алқасының шешімімен бес қатысушының арасынан бір жеңімпаз анықталады. Сайыстағы әділқазылар алқасы құрамын қоғам қайраткерлері, мәдениет және БАҚ өкілдері, сондай-ақ танымал блогерлер мен медиа-тұлғалар құрайды. Жеңімпаз ару супер-жүлде – автокөлікке ие болып, жыл бойына «Баян Сұлу» кондитерлік маркасының ресми бейнесі болып танылады. Сондай-ақ, екінші (тропикалық аралға 2 адамға арналған жолдама), үшінші (смартфон), төртінші және бесінші жүлделі орындарға да (ақшалай сертификаттары) сыйлықтар қарастырылған.



Біз өзіміздің төл мереке - «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» Ғашықтар күнінің кең насихатталып, тойлануын қолдаймыз. Сондықтан да, бұл дауыс берудің өтуі орынды-ақ, және әр отандасымыз бей-жай қалмай, дауыс беру арқылы өз ойын білдіре алады, яғни бұл дегеніміз – өткен дәстүріміз бен ұлттық негізімізді ұлықтау»,- дейді «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.

15 сәуірде ел тұрғындары сегізінші рет «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың» мәңгілік махаббат символын дәріптейтін - Ұлттық Ғашықтар күнін тойлайды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір