• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:21:32
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2018 Әлеумет

Қазақстандық жұлдыздар халыққа e.gov-ты үйретеді

Оған тек эстрада жұлдыздарын ғана емес, қоғам қайраткерлерін де тартпақшымыз" деді Жаңыл Әпетова

2018 жылғы 24 тамызда «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің ұсынған мәліметіне сәйкес танымал қоғам қайраткерлері мен шоу-бизнес жұлдыздары Астана мен Алматы қалаларындағы, сонымен қатар Ақмола және Алматы облыстарындағы ХҚО-ларда бір күн жұмыс істемек. Әрбір фронт-офисте жобаның екі қатысушысынан жұмыс жасайтын болады дейді олар. 

"Алматы қаласындағы Медеу аудандық бөлімде Айжан Нұрмағанбетова, Мырзахан Маханов, Қаскелең қаласындағы ХҚО-да Марат Омаров пен Әзімбек Байлин халыққа қызмет көрсетпек. Астана қаласындағы мамандандырылған бөлімде Қыдырәлі Болманов, Құрмаш Маханов, Ақмол ауылдық ХҚО-да журналист Ғани Жапишев пен Шахаризат Сейдахмет халық игілігі үшін өз қызметін ұсынбақ. Мұның бәрі 2020 жылға дейін қазақстандықтардың цифрлық білімін жетілдіру, үйде отырып-ақ мемлекет ұсынған барлық электронды мүмкіндіктерді пайдалануға үйренсін деген мақсатта ұйымдастырылып жатқан шаралар. Бір айта кетерлігі, идея министрліктікі. Алдағы уақытта біз де осындай ауқымды іс-шараларды өткізгіміз келеді. Оған тек эстрада жұлдыздарын ғана емес, қоғам қайраткерлерін де тартпақшымыз" деді Жаңыл Әпетова Qamshy.kz тілшісіне берген сұхбатына.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір