• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:40:18
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Қазақстандық жеткіншекті желідегі хаты үшін кісі өлтірді деп айыптауда

Менің балам досына «мен адам өлтірдім деп» хат жазғаны үшін кінәлі ме?

Орал қаласында  17 жастағы Данил Романовқа қатысты сот отырысы басталды. Данилге қарбыз сатушысын өлтірді  деген айып тағылған болатын.

Өткен жылы маусым айында Орал қаласында төтенше жағдайын орын алған. Қарбыз сататын жерде бір адам қаза тапты.

Осы жағдайдан кейін билік сол жерде қарбыз және басқа да импорттық өнімдерді сатуға тыйым салды.

Қылмыскер оқиға кезінде қашып кеткен. Қаруды  жасырғаны үшін қарбыз сатушысына іздеу жарияланған болатын. Сол жерде болған барлық көліктер тексерілді. Оқиға туралы ресми ақпарат жоқ. Қарбыз сатушысы ақшасын тартып алғаны үшін өлтірді деген ақпаратта бар.

Туыстарының айтуы бойынша, 17 жастағы Романовты әлеуметтік желіде досына жазған хаты үшін ұстаған. Хатта Романов  өзінің  адам өлтіргенін айтқан екен.

«Оқиға орнында Романов,  қарбыз сатушысы және мас екі адам  болған. Ересектер  жасөспірімді қорлай бастаған. Сол  кезде Романов қарбыз сатушының қаруын көрген.  Романов қарумен атып, ескерту жасаған.  Оқтың даусын естіген екі мас қашып кеткен екен. Қарбыз сатушысы Романовты тоқтамын деп оққа ұшқан. Оқ кеудесіне тиіп, сол жерде көз жұмған»,- деді прокурор Тажгалиева.

17 жастағы Романовы Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес айыптады: өлтіргені үшін және қаруды заңсыз пайдаланғакны үшін.

Романов өзінің қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. «Менің балам досына «мен адам өлтірдім деп» хат жазғаны үшін кінәлі ме? Бұл шындыққа жанаспайды»,- дейді Романовтың анасы. Жанна Хизеева ұлының  I топтағы мүгедек екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір