• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:25:41
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2019 Дін

Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?

"Қажылық қорынан" 103 имамға қаражат аударылды

"Қажылық қорынан" 103 имамға қаражат аударылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың шешімен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттердің имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы берілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.  

"Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына "Қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз", – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, еліміз бойынша, 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір