• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:41:21
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2019 Спорт

Қазақстандық велошабондоз қыз Азия чемпионатында алтынға ие болды

Бұл чемпионатта командалық сында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасап.

Жекелей сында қазақстандық шабандоз Ульяна Сухоребрик жасөспірімдер арасындағы бәсекеде топ жарды.

Бұл чемпионатта командалық сында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені жеңіп алған болатын. Юрий Натаров, Артем Захаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых. 

Сондай-ақ, Қазақстан қыздар командасы құрлық додасының күміс жүлдегері атанды. Қазақстан намысын Наталья Сайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак және Жанерке Санақбаева қорғады. Қыздарымыз Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, Гонконг спортшыларынан озып кетті. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір