• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:27:42
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2019 Спорт

Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді

Отандасымыз әу баста жергілікті спортшы Тилек уулу Капармен (3-0-0) жекпе-жек өткізу керек еді.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Сұлтан Жолдасбеков Қырғызстанда өткен турнирде тәжікстандық әлем чемпионын нокаутпен жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасап.

Сұлтан Жолдасбеков Қырғызстанда өткен «Bаtyr-Bashy 4» турнирінде тәжікстандық Махмадюнус Олимзодамен жекпе-жекке шығып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Отандасымыз әу баста жергілікті спортшы Тилек уулу Капармен (3-0-0) жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты кездесуге шыға алмағандықтан тағы да қырғыз спортшысы Мыктыбек Осконбаев (5-1-0) қарсылас атанады. Бірақ ол да жарысқа екі күн қалғанда жарақат алып, тағы қарсыласы ауысқан.

Кез-келген қарсыласпен шығуға келіскен Сұлтанға Нурбай уулу Кайратты (5-1-0) қояды. Бір қызығы, үшінші қарсыласы да жекпе-жек болатын күні жарақат алып, жекпе-жектен бас тартады. Ақыры Nomad ММА-дан әлем чемпионы болған Махмадюнус Олимзодаға қарсы жекпе-жекке шығуға бел байлайды. Осылайша, отандасымыз тәжікстандық, тәжірибелі қарсыласын 2 раундта жойқын соққыларының астына алып, техникалық нокаутпен жеңіске жетеді. 

Айта кетейік, Сұлтан Жолдасбеков «Тахтай» клубының мүшесі.

Ұсынған: Мақпал Сембай

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір