• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:01:35
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2019 Спорт

Қазақстандық спортшы сынған қолымен жеңіске жетті (видео)

31 жастағы Ахметов спорттық мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық Қайрат Ахметов пен аустралиялық Рис Маклареннің Токиода өткен жекпе-жегінің толық нұсқасы жарияланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видеоны "MMA and BOXING Hot news" каналы жариялаған. 

Әлемдік ONE Championship Гран-при аясында өткен жекпе-жекте онда спортшылар жеңіл салмақта жұдырықтасты.

Ахметов төрешілердің шешімімен 3-раундта жеңіске жетті. Бұл Ахметовтың 22-жеңісі. Осыған дейін 2 рет жеңіліске ұшыраған. 

Сондай-ақ қазақстандық спортшының жекпе-жек кезінде ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Бұл туралы Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасына жазды.

"Алаңдаушылық білдірген барлық жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс құтты болсын! Қайраттың нендей қиындықтарға тап болғанын аз ғана адам біледі. Жекпе-жекке дейін де, кездесу кезінде де қиындықтар азаймады. 1-раундта Қайрат қолын сындырып алды. Бірақ ауыр жарақатына қарамастан Қайрат Гран-придің жартылай финалына жолдама алды. Бауырым мен сені мақтан тұтамын!", - деп жазды Саят Әбдірахманов

Ендігі кезекте қазақстандық файтер финалға шығу үшін жапониялық Сензо Икедо және филиппиндік Дэнни Кингэд жұбы жеңімпазымен жұдырықтасатын болады. 

Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір