• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:19:50
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Спорт

Қазақстандық Пара Азия ойындарында рекорд орнатты

Пара Азия ойындарына «Жігер» спорт клубының 9 өкілі 4 спорт түрінен жарысқа түсуде.

«Жігер» спорт клубының тәрбиеленушісі Сиязбек Далиев Пара Азия ойындарында 50 метр қашықтыққа баттерфляй жүзуде чемпион атанып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында елордалық спортшы үздік нәтиже көрсетті - 00.37.40.

Айта кетейік, бұл Сиязбек Далиевтің Қазақстанның қоржынына салған екінші жүлдесі. 8 қазанда спортшы 50 метрлік  қашықтыққа арқамен жүзуде қола жүлде алған болатын.

Жалпы, Пара Азия ойындарына «Жігер» спорт клубының 9 өкілі 4 спорт түрінен жарысқа түсуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір