• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:52:37
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 Әлеумет

Қазақстандық олигархтар «тер төгіп» жиғандарынан айырылып қалуы мүмкін

Демек, ресейлік олигархтар: Путинді  ауыстырады, не олардың активтері бұғатталады. Және олар 2018 жылдың қаңтарына дейін шешім қабылдауы тиіс

 Ресей олигархтары өздерінің қосарлы позицияларының құрбандарына айналуда. Бір жағынан олар Путинге деген ниеттестігін барынша көрсетуге тырысса , екінші жағынан қаржыларын шет елде сақтап жүру арқылы өздеріне қауіп төндіруде. Ал, қазақ олигархтары болса, ресейлік көршілеріне  еліктейді. Осы орайда, олигархтардың басына қиын жағдай орнамақ.. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Exclusive.kz жариялаған мәліметтерге сүйене отырып Ресей мен Қазақстан олигархтары мен олардың  капиталы жайындағы мақаланы оқырман назарына ұсынады.

Капиталды мемлекет сыртында жинау – ақшаны сақтаудың тиімді тәсілі болудан қалды. Бұл жағдайдан шығудың жолы бар ма?

Барлық қаражатты мемлекетке жұмсау, мемлекетке инвестициялау. Иә, мұндай жағдайда ақшаңызды тартып алып қоюы мүмкін. Алайда, бізде барлығына келісуге болады. Керісінше, шетелде сақтаған қаражаттан айырылып қалуға  қауіп басым.

khazin.ru ақпарат көзі ресейлік олигархтардың өз құқығынан айырылатын күнді жариялады. Ресейлік масс-медиа өкілдері  АҚШ-тың соңғы салған санкцияларына қатысты маңызды дәйектерді айтпай, айналып өткенімен, олар бәрібір жүзеге асады. Санкциялар негізінде  АҚШ резиденттерін де, резидент еместерінің де, кез келген санкцияға ілінген мемлекеттердің заңды тұлғалары мен азаматтарының шоты бұғатталатын болады. Сонымен бірге, ресейлік шикізат компанияларының санкцияға  ұшырағандығы  тағы бар.

Не дегенмен де, «олигархтардың ақыры»  жақындап қалды. 2018 жылдың қаңтарында  санкциялар заңы күшіне енгеннен кейінгі  алғашқы 180 күн ішінде Конгреске Ресейдің лауазымды адамдарының, олигархтарының қаржылық қызметтері туралы егжей-тегжейлі мәлімет жіберілетін болады. Осы арқылы ресейлік саяси биліктің ғана емес, барлық РФ Үкіметі мен Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация Кеңесі мүшелерінің  жемқорлыққа қатыстылығы толықтай тексеріледі.  Ресей олигархтары мемлекеттік салық төлеуші резиденттер қатарында  болу-болмауына қарамастан тексерістен өтеді.

Осы орайда, Америка Еуроодақ пен ТМД елдерімен (Қазақстан мен Белоруссияны қоса алғанда) керек болған жағдайда санкция енгізе отырып, саяси және экономикалық әсер ете отырып серіктестік жүргізбекші.

Америкалық санкция заңдарына сәйкес, ресейлік саяси қызметкерлер, олигархтардың барлық активтері, инвестициялары, кез келген қызығушылықтары, кіріс табуға байланысты ақпараттардың барлығы қатал түрде тексерілетін болады. Яғни, егер белгілі-бір бизнес жеке адамдарға немесе басқа біреудің атына жазылған болса, онда ол жемқорлыққа қатысты тексерістен өтеді. Осы орайда, мемлекеттік компанияларды жекешелендіру мәселесі де көтерілмек. Мұндай компанияларға Путиннің туған-туыстары мен достары иелік ететін ұйымдар да кіреді.

Ресейлік саяси элитаның және олардың туыстарының шетелдегі банк шоттары мен мүліктері-барлығы анық көрінеді және жемқорлыққа қатысты тексеріледі. Осы арқылы АҚШ барлық саяси элитаны құрықтамақ.

Демек, ресейлік олигархтар: Путинді  ауыстырады, не олардың активтері бұғатталады. Және олар 2018 жылдың қаңтарына дейін президенттік сайлауға қарай шешім қабылдаулары тиіс.

Дей тұрғанмен, ресейлік ақпарат көздері олигархтардың қандай шешім қабылдаса да ешқандай  өзгерістің болмайтынын айтады. Себебі, АҚШ-тың мақсаты олигархтардың жемқорлыққа қатысты әрекеттерін анықтап, оларды бар мүлкінен айыру.

Ал Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, біріншіден біздің олигархтардың қайғылары өз бастарынан жетіп артылады. Олардың активтері мен пассивтерінің көп бөлігі банктерге салынып, ал ол банктер өз кезегінде қарызға белшелерінен батып жатыр. Бұл жағдайды  девальвация толқыны одан ары ушықтыруы мүмкін. Сондықтан мамандар тиянақталған бағамды енгізуге  кеңес береді. Алайда, оның өзі біздің олигархтардың капиталына төнген қауіпті жоя алмайды. Олигархтардың көпшілігі ресейлік санкцияланған компаниялармен  байланысып, серіктестікте екенін де айта кету қажет.

Тек өздерінің жеке бизнестеріне инвестиция құйған бизнесмендер ғана өз капиталдарын сақтап қалмақ.  Алайда, оларға өз капиталдарын ұлғайтуға бағытталған  жаңа бизнес-стратегяилар құру қажет болады.

Егер, мемлекеттің өзінің жеке меншік  олигархтары болмаса, онда мемлекет өзге  елдің олигархтарының жеке меншігіне айналмақ...

 

 

Аударған: Назерке МҰСА

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір