• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:41:03
Алматы
+35°

14 Қазан, 2018 Спорт

Қазақстандық нокаутер мексикалық боксшыны 57 секундта нокаутқа түсірді

20 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін техникалық нокаутпен  аяқтады.

20 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін техникалық нокаутпен  аяқтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Орта салмақта жұдырықтасатын 20 жастағы отандасымыз  кезекті жекпе-жегін Монреальда (Канада) өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) болды.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің 57-ші секундында Ахмедов техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Садриддин кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаса, ал Мендоса карьерасында алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады.

Тағы бір айта кетерлігі, канадалық БАҚ Ахмедовтың болашағы жарқын екенін жарыса жазып жатыр. Филипп Сент-Мартен атты журналист: "Мына жігітті назарда ұстаңыздар! Оның бойында ұлы карьера жасауға қажеттінің бәрі бар!", — деп айтқан.    

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні жеңіліп көрмеген тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір