• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:23:43
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2018 NEWS

Қазақстандық компаниялар мен банктер хакерлер құрбанына айнала жаздады

Жүйенің шикілігі еліміздегі көптеген кәсіпорынның берекесін қашырды.

Қазақстандық жүздеген компания мен банктер, тіпті үкіметтік органдар хакерлердің құрбанына айнала жаздады, деп хабарлайды 24.kz.

Анықталғандай, ең көп қолданыстағы электронды құжат алмасу жүйесінде кінәрат бар болып шықты. Сарапшылардың айтуынша, құпия құжаттар кибер шабуылшыларға жария бола жаздаған.

Жүйенің шикілігі еліміздегі көптеген кәсіпорынның берекесін қашырды. Өйткені бағалы қағаздар, құпия құжаттар қылмыскерлер қолына түсе жаздаған. Ал құжат алмасудың бұл түрін ұлттық компаниялардан бастап министрліктер мен банктер, тіпті ауруханалар да қолданады. Еліміз бойынша шамамен 200-ге жуық мекеменің дерегі осында сақтаулы.

Олжас Сатиев, сараптама және кибер шабуылдарды тергеу орталығының президенті:

- Барлық ақпарат осы жүйе арқылы өтеді. Ол нарықтығы үздіктердің қатарында. Біз олқылық тапсақ, демек жүйенің абыройына әдейі нұқсан келтірілген. Өйткені олар 10 жылдан бері нарықта. Бұл кемшілікті шетелдік хакерлер бірнеше жыл бұрын анықтап, ақпарат жинауы мүмкін.

Электронды құжат алмасудың ақылды жүйесін ойлап тапқан компания, қатесін шұқып көрсеткен сарапшыларға алғыс айтуға асықпайды. Олардың айтуынша, бұл олқылықты анықтау үшін сарапшылар жүйені заңсыз бұзып кірген. «Ал бұл қылмыс», - дейді серіктестік өкілдері.

Байжан Канафин, серіктестік басшысы:

- Әлбетте, бұл ақпарат біз үшін маңызды. Бізге көрсетті, қатемізді түзедік. Мұндай Google-да да, Microsoft-та да болады. Бұл ақпарат жүйе тұтынушыларын кәдімгідей әбігерге салды. Кейбірі тіпті шұғыл жиналыс өткізіпті. Біз тілдескен сарапшылар «бұлай дүрлігудің жөні бар» дейді. Өйткені мемлекеттік құпияларға қауіп төнді. Сондықтан мамандар елдің қауіпсіздік кеңесіне шағымданыпты. Ал жүйе қолданушыларына тез арада құпия сөздерін ауыстырып, арнайы тексеріс жүргізуге кеңес беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір