• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:17:13
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 Әлеумет

Қазақстандық казинолар қара магияның күшіне неге жүгінеді?

Ерді бір-ақ күнде ез қылатын, талай шаңырақты шайқалтатын бір тажал бар еді Алматыда.

Ерді бір-ақ күнде ез қылатын, талай шаңырақты шайқалтатын бір тажал бар еді Алматыда. Бірнеше жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұрды. Билік басындағылар онымен күресуге тырысып бақты-мыс, нәтижесі оңды болғандай көрінді. Ерін зарыға күтіп отыратын әйелдер, әкелерін сағынатын балалар қуанды. Алайда ол қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі тажал алыстай қоймаған. Қаладан небәрі 66 шақырым жерге жайғасыпты. Бірнешеуі бар, түріне қарап "тажал" деуге қимайсың, көздің жауын алатын зәулім ғимараттар, әсіресе, түн батқанда жалт-жұлт еткен ғимараттың жарықтарына қызыға қарайсың. Ал іші нағыз тозақ, көзге көрінбейтін, алайда сені нағыз пақыр адамның деңгейіне дейін түсіретін қара түнек. Өз көзіммен көрмедім, бірақ журналист Арман Әубәкір 2012 жылы түнекке өзі кіріп, сырына қанығып қайтуға тырысқан еді. Қолынан келген сияқты. Қай жылы зерттеліп, жазылғаны маңызды емес, бастысы ол тозақтың оты әлі күнге дейін лапылдап жанып тұр. Арман Әубәкірдің алты жыл бұрынғы мақаласына тағы бір көз жүгіртіп шығыңыз. Түнектің құлына айналған бір танысыңыз болса, оған да көрсетіңіз. Білсін, көзін ашсын!

Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Күн өткен сайын қойыртпақтала түскен қоғамның шыңғырып тұрған дертінің бірі – ойынқұмарлық. Сонау ерте Еуропадан бастау алған оспадар ойындар енді қазақтың қанын қасықтап емес, шелектеп соруда. Бізде адамдардың жас деңгейі, әлеуметтік һәм материалдық жағдайына орай ойын орталықтарының түр-түрі бар. Балалар мен жасөспірімдер интернет-клубтарда компьютерлік ойындармен әлек болса, жастар жағы букмекерден, тотализатор мен ойын автоматынан ойыны осылады. Ал орта жастағы қалтасы қалыңдау жадыбастар үшін ойынханалардан артық «көңіл көтеріп, уақыт өткізетін» жер табу қиын.

Негізінен, Алматының «ақшасы тасығандары» Қапшағайды жағаласа, Астананың атқамінер ауқаттылары Щучинскіні сағалайтын көрінеді. Аптаның сенбі-жексенбісінде «рақатқа бөленгісі» келген өзге қаланың сауыққұмарлары «қазақтың Лас-Вегасына» қарай ағылатыны айдай ақиқат. Құмар ойындарға тыйым салынған оңтүстік шаһары мызда жасырын ойын автоматтары әшкере болып жатқаны бір бөлек, самсаған қапшағайлық ойынхана жарнамалары жиі ұшырасады. Өзі кетсе де, көзі кетпеген жарнамадағы бақыр бастының «бармағын сорғызар» ұтыс сомасы желіккендерді еліктірмей қоймасы тағы белгілі. Іргеде тиіп тұрған Қап шағайға жету бұйым болып па, тәйірі? Біз де Іле өзенімен жапсарлас шағын қалаға қызық қуғаннан емес, ойыншылардың мінез-құлық ерекшелігін аңдамақ ниетпен жол тарттық.

ҚАРАУЫЛ БОЛУДЫҢ ҚАРАСЫ ДА КӨРІНБЕДІ

Алматыдан Қапшағайға қатынайтын күрежолдың өне бойы түрлі казиноның жарнамалық тақтайшалары желік көңілдерді желпіндіре түседі. Тіпті жолаушылардың қай-қайсысын да қызықтырар ұтыстардың көлемі (200-600 мың доллар) де таңбаланған. Ойын-сауық мекені – Қап шағайға да табан тіредік. Міне, көз қарық тырар жарқ-жұрқ еткен шамдары жарқырап, көркем сәулетті казинолар жол бойы тізіліп тұр. Әуелі сәулеті ерекше зәулім ойынханаға бас сұқтым. Әу баста әзірлеп шыққан түйіндемемді алып, қарауылдық жұмыс іздеген сыңай танытқан едім, ауыздағы кескен томардай дәу қара күзет шілер келесі есіктегі кеңсені нұсқады.

Онда кіре берісте жайғасқан, адуын мінезі жүзіне шық қан, қабағы қату, маңдайынан созы лып түскен тыртығы иегімен жалғасқан ең се ліні іштей бас күзетшіге баладым. Ра ция арқылы анаған бір, мынаған бір бұй рық беріп жатты. «Шаруасы түгесілді-ау» дегенде жұмысқа тұру ниетімнің бар екенін білдірдім. Казиноға жұмыс қа тұрғысы келетіндер өз суретін қалдырып, арнайы сұрақ-жауап парақшасын толтыратынын жеткізді. Әб ден жанжақты тергеп-тексеріп болғаннан кейін ғана қажет деп тапқан жағдайда өздері хабарласып шақыратын дарын айт ты. Диллерлікке көбіне қыздар тартылады, ал күзет шілікке жауырыны қақ пақтай, жұ ды рығы тоқпақтай спорт шылар болмаса, бұлар жел тұрса тізесі дірілдей жөнелетін біздей жілігінің майы жоқтарды қайтсін?

СҮЗГІДЕН ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢДАР ҒАНА ӨТЕДІ

Ат шаптырым жерді алып, жалпайып жатқан ең үлкен ойынханалардың біріне бас сұқтық. Есік пен тесіктен ызыңдаған шыбынды да өткізбейтін тоң мойын қарауылдар «ойнауға келдім» деген адамға ғана айқара есік ашып, жылы шырай танытатынын байқап, қайран қалдым. Бұл құдды «Мың бір түндегі» «Сим-сим, ашыл!» дейтін құдыретті сөздей әсер етті. Ұзын бой лы, ашық омырауы «ойқастаған», қысқа белдемшелі «бота тірсек, сандал керім» қыз дардың біреуі аты-жөнімді тіркеу кітапшасына жазып, келесі бірі суретке түсіріп жатса, енді бірі ойын ережесін түсіндіруге көшті. «Біздегі басты шарт – ақшаңызды 500 доллар көлемінде жетонға ауыстырмай ойын залына кіруге рұқсат жоқ» дейді қыз. «Әлін білмеген – әлек» деген – осы. Сөйтсем, мұндағы ойынха на лар қалтасындағы қа ра жат 500 доллардан кем түсетін адамды санатқа қоспайды екен. Тіпті есіктен де сығалатпайды. Тек келесі ойын ханада ғана 200 доллар ақшамен кіруге болатынын естіп көңіл жайланғандай бол ды. Алыпұшып сонда барып қалтамды түбіне дейін сарқа қағып санағанда ақшам бес жүз теңгедей жетпей тін болып шықты. Тәртіп солай, заң – қа тал...

МҰНДА ДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛІ МҮШКІЛ

«Ел еркін кіретін казино бар ма?» деп жол жиегіндегі үймелеген таксистерден ақыл-кеңес сұрадым. Олар ортаңқол бір кази ноның бір бөлігі қалтаңның томпақтығын елеп-екшемей-ақ кіргізетіндігін айтып, жөн сілтеді. Әдетте әуежайларда кездесетін тексеру құрылғысымен әрбір затты жеке-жеке қарап, сосын адамның өзін арнайы аппараттың сүзгісінен бір өткізіп алатын сауысқандай сақ «сақшылардың» «сүргісінен» сүрінбей кеткеніме бір масаттанып та қалдым. Айнадай жарқыра ған бір бөлмеден келесі бөлмеге ауысып, ақыры қайнаған ойынның қазанына гүмп ете түстім-ау. Төбесі – биік, ұзындығы мен ені де әудем ойын залының ортасында төрт-бес карта үстелі мен бір рулетка үстелі орын теуіпті. Сол қапталда бірнеше ойын автоматтары самсап тұр. Жеті ойыншы екі үстелге бөліне жайғасыпты. Үш ер адам бір бөлек, екі қыз бен екі еркек ойыншы бір жерде бас түйістіріпті. Ортада жүрген бақылаушыға өзімнің ойнай білмейтінімді сездіріп ем, тек қана орыс тіліндегі ойын түр лері мен ережелері жазылған парақшаны ұсынды. Қазақстанның «Ойын бизнесі» жөніндегі заңында ойын ережелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қатар қолданылуы тиістігі тайға таңба басқандай жазылған. Жұмысшылар мен ойыншылардың да қазақ тіліне мұрнын шүйіре қарайтындығы қарын аштырады. Орысшаны былай қойып, ағылшынша аталған ойынханаларды айта мын деп байырғы қазақтың аузы қисайып, «тілі сынатындай» екен. Сондай-ақ теңгені ақша құрлы көрмейтін казино басшылары мен ойыншылар доллардың ғана дәргейіне бас ұрады. Тіпті мұны ойыншылардан көбі рек қаржыны опырып алудың бір айласы десе де жарасатын тәрізді.

МЕНІ ҚҰРТҚАН СҰЛУ ҚЫЗ...

Оң қапталдағы үстелде үш ер адам картаның «шаңын шығарып» отырса, сол қапталдағы карта үстелінде ері мен қыз-келіншектері аралас жайғасқан төртеу ойынның көрігін қыздыруда. Көркі көз сүріндіретін сұлудың түбінен мен де ойып тұрып орын алып, ойынды тамашалауға кірісіп кеттім. Сүзілген қос жанары жүректі бүлк еткізбей қоймайды тіпті. Құлын мүсінді, ажарлы арудың арбауына әп-сәтте қалай түскенімді байқамай да қалдым, шамасы. «Жігітім, ақшаң көп пе? Не ойнай білмейсің бе? Үйретейін бе?» дейді сылқым назда нып. Іздегенге – сұраған. Ойыннан дымды ұқпайтын бізге ұстаздың қажеті рас-ақ. «Иә» демеске лажың қайда? Екеуміз оңаша кетіп, ойын автоматына бардық. Ойын тізгінін қолға алған Алма автомат тетіктерін тарсылдатып отыр. Жарқ-жұрқ еткен жәшік әуелгі салған 2 мың теңгемді жұғын құрлы көрмей жұтып қойды. Бұдан кейін 5 мың, сосын тағы 2 мың әбжыландай автоматтың аранына түсті. Ақша – менікі, ойнаушы – Алма. Ақмаңдай қыз қиылып-сүзіліп бір қарағанда қалтадағы ақша түгіл, қолқамыз ды суырып бере салудан тайынбай тынымыз неліктен екен өзі?

КЕЛЕСІСІНЕ ЖЕТПЕЙ ЖЕЛКЕМІЗ ҮЗІЛДІ

Салымыз суға кетіп, карта үстеліне қайта келдік. Енді жүз долларды фишкаға айналдырған соң, картаның қызығына да берілдік-ау, ес-түссіз. Дилердің лып-лып еткен епті сүйрік саусақтары картаны белінен бір, төбесінен бір араластырып-сапырылыстырып болғаннан кейін арасын дәлме-дәл біркелкі өлшеммен кемпірқосақтай дөңгелетіп жайғап жібергені, артынша қамыр ға ұқсатып қос қолдап айналдыра илегені ойыншыны еліктіріп, ойынға деген ынтаны күшейтерін іш сезгендей болды. Әзірше менің бар жұмысым – картаны таратылар алдында ортасынан бөлу. Ептеп ойынның қыр-сырын да ұғынғандаймын. Тап сол сәттегі бар арманымыз – ақшамызды 200 долларға жеткізіп, бағанағы сәулетті ка зи ноға кіру. «Онда ыстық тамақ та, су сын да, тәтті-пәтті де тегін» деп қызықты рады қыз. Ойын басталғаннан көп ұзамай-ақ 50 доллардай ұттық. Қуанышымыз қойынға сыймаған біз, «шіркін енді 50 доллар ұтсақ қой, мұндағы ойынды тастап анау казиноға қарай құстай ұшатын» деп бір-бірімізге қарап жымың-жымың етеміз. Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Уақыт озған сайын ойсырай ұтылу басталды. «Әлгіндегі 150 долларды қанағат тұтып, ойынды тоқтата салу қажет еді» деп өкінішпен күрсінеді Алма. Жанымызды шүберекке түйген біз дің бар есіл-дертіміз – картада. Тіпті арам ойын ойнап жатқанымызды да ұмытып, Құдайдан «қолдың жақ сы жүріп кетуін» тілейміз іштей. Ойын автоматының да, картаның да жүйесі бірдей тәрізді. Басында алдаусыратып кішкене жеңіс сыйлайды да, кейін түгіңді қалдырмай аяусыз, рақымсыз ұтады. Әжептәуір басталған ойынның ақы ры құрдымға кетті білем. Сылқ-сылқ күлген дилер қыздардың бір-біріне «байғұс-ай, қызға алданып, бүкіл ақшасынан қағылды-ау» деп әлде мүсіркеген, әлде табалаған сөздері арқама аяздай батты.

АҚШАНЫҢ КӨПТІГІ МАҚТАНЫШ ПА?

Қалтамыздың түбін сарқып, өйтіп-бүйтіп құраған ақшамызды рулеткадан бақ сынап көруге салдық. Рулетканы айнала қоршаған бір топ ойыншылар белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі сандар жазылған шар шыларға бәс тігіп үлгеріп қалуға тырысып бағуда. Айналмадағы шар қай санға түссе, сол санға бәс тіккен ойыншы бір жел пініп қалады. Бірақ артынша түгі қалмай, жинаған фишкалары әлдекімнің уысында кетіп бара жатқанын көріп, іші дуду ашитыны сұп-сұр болған жүзінен білініп тұрады. У-шу болып даурыққан сауыққұмар лар бәс тігу сәтінде барын салып қарманып қалады да, шар дөңгелек айналманы шыр айнала бастаған сәтте демін ішіне тартып, тастай қата қалады. Бәс тігудің бастал ғанын, біткенін, қай шаршыға шардың дөп түскенін хабарлаушы, ұтыс үлестерін бөліп беруші дилер қыздың ғана дауысы жарқын-жарқын шығады. Бұл кезде біз отырып кеткен карта үстеліне орта жастағы ерлі-зайыптылар қонжиды. Жағдайларының жақсы екені жүріс-тұрыстарынан, өзөздерін ұстауларынан-ақ аңдалады. Қиық қас, бадана көз, балпиған қаздай бәйбішесінің ойынға құлықсыздығы білінсе, бір мезгілде картаға да, рулеткаға да кезек ұмтылып, екі ортада жүгіріп жүріп ойнайтын жолдасының нағыз ойынқұмар екені бірден байқалады. Рулеткаға үлкен сомада ғы жалғыз жетонды екпіндетіп тастап жіберіп, «пәленбай тіктім» дегендей масатта нып, мақтанып, ел назарын өзіне аударғысы келетіні де байқалады. Не керек, бізге рулетка ойыны да опа бермеді. Небәрі бір жарым сағат ішінде ақшамыздың «жана засын шығарып тастаған соң» біртүрлі жабырқап та қалдық.

БАҚЫЛАУ – КҮШТІ, ТАЛАП – ҚАТАЛ

Бірнеше сағат бойы оң қапталдағы тапжылмай отырған үш ер адамның қасына барып, ойындарын қызықтауға көштім. Негізінен, олар екі рет ұтылып, бір рет ұтады. Әмияндарынан мыс-мыс ақшаны суырып алып, фишкаға ауыстырып жатыр. Ұзын бойлы, көзілдірікті, ат жақты Саматтың екі беті барған сайын қызара түсуде. Қара терге түскен маңдайын орамалымен сүртіп, темекіні әкесінің құны кеткендей сораптайды. Алдында үйіліп жатқан тегін темекіні аясын ба? «Жүрегім шаншып кетті» деп қайта-қайта сол жақ кеудесін ұстап қоя ды. Қу жанын бәйгеге тігіп, ойынға бері летіндей қара басына не күн туғаны белгісіз. Ақбас досы оны ойынханадан алып шыға алмай әбігерленуде. Жүз долларын фишкаға ауыстырып, жаңа ойын бастаған сәтте оған болысудан басқа шара сы да қалмайды. Арғы түкпірдегі түрік аза маты көздері қанталап, сөздерін шатыпбұтып, айналасын сыпыра боқтап, ашу шақырды. Ыза-кекке толы казино тарапына бағытталған айыптауларға ел-жұрт құлақ түре бастады. Дилер қызды қанша балағаттап жатса да, ол бір ауыз да қарсы жауап қайтармады. Кенеттен тап болған жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақ тай күзетшілер оны әй-шәйге қаратпай, дырылдатып сүйреп әкетті. Қайда әкетті, сосын не істеді – бізге беймағлұм. Орта тұстағы үстелде отырғандардың мықты ойыншылар екені көрініп тұр. Міз бақпайды. Сабырлы қалыптарынан бір тай майды. Екі күрт, бір орыс азаматы. Ресейдің Рязань қаласынан келіпті. Олардың осымен екінші рет Қапшағайда ойнауы екен. Әңгімелерінің сыңайына қарағанда, алғашқы сапарларында әжептәуір олжалы болып қайтқанға ұқсайды. Қанша ұтқандарын айтудан бас тартты. «Осында қона қ үй жалдап тұрып жатқанымызға екі апта ның жүзі болды. Ит-жығысқа түсіп бірде ұтамыз, бірде ұтыламыз» дейді шетелдік азаматтардың ішіндегі ең жасы. Осы тұста пит-босс (бақылаушы) «Арман, сіз ойнама саңыз, карта үстеліне отырмаңыз. Жоғары жақтағылар ескерту айтып жатыр» деді. Жан-жағыма жіті мән беріп, бәрін барлап отырғанымнан бұлар сезіктенсе керек. Бұрыш-бұрыш, қуыс-қуыстардың түгелінде жасырын камералар орнатылыпты. Қай түкпіріне барсаң да, камерадан қашып құтылу мүмкін емес. Тіпті қыбыр-сыбыр ды быстарға дейін жазылып жатыр-ау деген ішкі күдігім шындыққа жанасымды тәрізді. Әйтпесе, пит-босс менің есімімді қайдан білді? Біз картамен ойын ойнасақ, үстімізден әлдебіреулер өзімізді ойыншық етіп ойнап отыр-ау деген үрей тұла бо йымды түршіктірді.

ТҮНГІ ҚАПШАҒАЙ ҰЙЫҚТАМАЙДЫ

Бір жағынан таза ауа жұтып, екінші жағынан шағын шаһармен танысу мақсатында сыртқа шықтым. Дала қап-қараңғы. Казино үшін күн-түн деген ұғым жоқ. Тәулік бойы ақша айналдырады. Сондықтан, ойын ошақтары мүлде сағат қоймайды, терезе деген атымен болмайды, жалт-жұлт еткен жылтырағымен көзді арбайды. Сондай түрлі-түсті сәуле шашқан ғимараттардың арасымен қалтамның қағылғанына қапаланып, казиноларға қарғыс жаудырып басым ауған жаққа «лағып» келемін. Жарық атаулыдан мақұрым қалған қара түнек көшемен шамасы 200-300 метрдей жүріп отырып, келесісіне барып, бір-ақ тоқтадым. Түн жарымның өзінде ойыншылар толассыз ағылып жатыр. Ауласында айқұш-ұйқыш лентамен оралған қымбат көліктер сап түзеп тұр. Ұтысқа – машина. Кімді болса да құмарта түсер – темір тұлпар лар! Алай да Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі» туралы заңында «Ақшадан басқа өзге мүлік түрінде төлемдер көзделетін құ мар ойындар ұйымдастыруға тыйым са лынады» делінген. Сонда бұларға қазақ елі нің заңын белден басуға кім рұқсат берген?

ОЙЫНҚҰМАР АҚЫЛ АЙТТЫ

«Үйреніскен жау – атыспаққа жақсы». Қаланы жаяу шарлап, ақыры бұрынғы ойын ошағына айналып қайта келдім. Алма ұшты-күйлі жоқ. Оның құрбысы Бота әлі осында екен. Ойынханада жиі табысатын ескі досы Марат екеуі шеттегі орындықтарда оңаша әңгіме құрып отыр. Бота менің айналып қайта оралғанымды көріп: «Сен бұдан былай ойнаушы болма. Бұл – жаман ойын. Бір кірсең, шыға алмайсың. Қазір өз ақшаңды жұмсасаң, ертең ұрлапжырлап, біреуді ұрып-соғып ақша алып келіп құясың мұнда. Есің барда еліңді тап, бала. Әлі кеш болмай тұрғанда өзіңді теже месең, қаңғып қаласың...» деп ақылын айтты. Марат та, Бота да бүгіндікке 300 доллардай ақшасынан айырылыпты. Марат даяшыларға «Ей, жігіттер, сыраға не қосқансыңдар? Бірден басыма шауып кетті ғой» десе, олар жауап орнына ыржыңыржың етіп күледі. Осы тұста біз Мәкеңе көкейдегі бірнеше сауалды қойып үлгерген едік.

– Марат аға, ойынханада тамақ, шай, ішімдік, темекі – бәріне ми жұмысын әлсірететін химикаттар қосылады деген қауесет бар ғой...

– Бұл әбден рас болуы мүмкін. Өйткені казинодан ішкен ішімдігім бірден басымды ауыртады. Ал көшеде қанша шөлмек ішсем де түк болмайды. Қоспалар тамақтан, шай дан гөрі арақ, сыра тәрізді қышқылы басымырақ ішімдіктерге қосылады-ау деп топшылаймын.

– Мұнда жиі келесіз бе? Ойын ойнап жүргеніңізге қанша болды?

– Мен казинодан шықпай ойнайтын ойынқұмарлардың қатарына жатпаймын. Айына бір-ақ рет келемін. Онда да 200- 300 доллармен келіп, әлгі ақшаны бітіремін де қайтамын. Казиноны ермек етіп бастағалы он жылдың жүзі болып қалды. Түсінде ақша ұтып жатқанын көріп, ұйқысынан ояна салып, жартылай жалаңаш терезеден секіріп шығып, әйелінен жасырын ойынханаға келетін бір досым бар. Оның казиноға «еңбек сіңіргеніне» –15 жыл!

– Казинодан шықпай ойын ойнайтындар көп пе? Олар ойынға ақшаны қайдан табады?

– Ондайлар баршылық. Біреулердің ауадан ақша жасайтын табысы бар, енді біреулер алдап-арбау арқылы «көк қағаз» түсіреді. Мұнда «чайкалардың» елді алдау әдіс-тәсілдері өте жеткілікті. Жаңадан келген ойыншыларды ұтып беремін деп ақшасын алып ойнайды. Егер ұтса, ұтысты өзі алады, ұтылса, ақшаның сұрауы да жоқ. Әлгінде ғана бір ата сақалы аузына түскен ер кісі «Маған 50 долларлық фишка бере тұршы, мен саған сосын ақшалай қайтара саламын» деп сендірді. Кейін банкоматын барып қарасақ, 700-ақ теңгесі бар екен. Оған мен не істей аламын? Карточкаңды маған бер десем, оған да көнбеді. Ақыры алдап кетті.

– Бота да құмар ойынға қатты берілген тәрізді ғой...

– Ол – өте пысық қыз. Әкімшілікте жұмыс істейді. Жеке бизнесі де бар. Жасыратыны жоқ, тапқанының көбін казиноға жұмсай ды. Баласы да, байы да – казино болып қала беретін түрі бар.

– Экстрасенстерге дұға жасатып, бір келген ойыншыларды қайта айналып келе беретіндей етіп дуалап тастайды деген әңгіме рас па?

– Экстрасенстер бір үстелден екінші үстелге мысықты секіртіп, өздерінің рәсімдерін өткізетіні туралы естуім бар. Сосын жасырын камераның ар жағынан экстрасенстер адамдарды бақылап отырады. Кімге дұға әсер етпейді, соның келесі жолы кірмеуін қадағалайды. Ұтылатын адам мен ұтылмайтын адамды түрлеріне, іс-әрекет, мінез-құлқына қарап бірден ажыратады. Бұл тағы да өздеріне қауіпті адамдардан алдын ала сақтану шараларын жасауға мүмкіндік береді. Әлгінде саған ойыншылардың қасында отыруға тыйым салды, ал бізге қанша болса да қарауға рұқсат. Экстрасенстер сенен күдіктенеді.

– Әкімқаралар мен шенеуніктер, жалпы, мемлекеттік қызметкерлер казиноға көп келе ме?

 – Казиноға біз сияқты шағын кәсіпкерлердің салатын 200-300 доллары не азық болады? Бір казинода жалпы саны 200-ге жуық дилер, аспазшылар, даяшылар жұмыс істейді. Дилерлер 500-600 дол лардай алса, аспазшы мен даяшылар 400 доллардай жалақы алады. Есептеп көрсек, тек дилерлер мен аспазшы-даяшыларды ұстап тұру үшін айына 15 миллион теңгедей ақша қажет екен. Ал қарауылдардың жала қысы өз алдына бір бөлек. Үлкен лауа зымды тұлғаларға арналған кабиналар болады. Онда ойын автоматы, карта үстелі және рулетка орналасқан. Қай ойынды қаласа, сонымен ойнайды. Оны казино адамдарынан басқа ешкім көрмейді. Ойын хананың артында немесе астында жасы рын автотұрақтар орын тепкен. Көліктерін де құпия ұстайды. Үлкен сомада ақша ойнайтындарды үйінен алып кететін ойынха налар да жоқ емес. Өте көп ұтылған адамды үйіне жеткізіп тастайды немесе қонақүймен тегін қамтамасыз етеді. Ұрып-соғып болған соң, бастан сипаған сияқты дүние ғой. 30 мың теңгеге жетер-жетпес ақшаны бір жарым сағатқа жетпестен-ақ «желге ұшырдық». Мұндай ақшаны көзге де ілмейтін «шишкалар» әр келген сайын кемінде 50 мың долларға «қиналмай-ақ» шашы лады екен-мыс. Біз пақыр қайтар так си ге қаржы таппай, Марат ағадан жолпұлға қарыз алып, «Алматы қайдасың» деп тартып отырдық. Өзімше күбірлеп, бар мағаным – Қапшағай, көрмегенім – казино болсын деп келемін.

«КАЗИНО ҚҰПИЯСЫН ЖАРИЯ ЕТПЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ»

Ойынқұмарлар жылдар бойы казинода жүрсе де, оның ішкі құпияларынан хабарсыз болады. Ондағы аспазшы, даяшы, күзетші, дилерлер ғана ойынхана турасында ащы ақиқатты тіс жармай, іште сақтайды. Бір кездері дилер болған Айман есімді қызбен аз-кем әңгімелесіп, айтылмай жүрген шындықтың бет-пердесін сыпыруға тырыстық.

– Казинолар немесе ойын клубтары адамдарды қалай, қандай жолмен ұстап тұруға әрекет жасайды? Ішімдіктеріне арнайы химиялық қоспа қосады дейді жұрт. Бұл қоспалардан миы зақымданған адам казиноға айналып келе беретін көрінеді. Шарлатандарды алдырып, тамақ пен киімдерге дуа жасатады деген әңгіме шындыққа жанасымды ма?

– Ойыншыларын жоғалтып алмау үшін казино анда-санда ұтуға мүмкіндік береді. Таң атып, кеш батқанын білдірмеу үшін терезе болмайды. Тағамдарға химикат қосылатынынан хабарсызбын. Дегенмен шарлатандардың қара тауық сойып, оның қанымен карта үстелдерін жуғанын өз көзіммен көрдім. Тағамдар, ішімдіктер, сусындар, карталар – бәріне сыған әйелдер бірдеңе оқып, әлдебір рәсімдер жасайды. Жұмысшыларының костюмі ішіне оқылған жіпті инемен тігіп береді. Дуаның күші ме, шатыры кеткен казиношыларға ем қонғанын көрген емеспін. Жастар тегін тамақты ішіп-жеймін деп барып-ақ, өздерінің ойын ға қалай байланғандарын білмей қалады.

 – Ойынханалардың бір күндік табысын шамалап айтуға бола ма?

 – Жалғыз ғана ойын үстелі бір күн ішінде өзінің бір айлық шығындарын ақтайды. Негізінен, сенбі, жексенбі күндері табысты күреп табады.

– Қандай саланың, қай жас шамасындағы адамдар сауықханаға тұрақты бас сұғады?

– Белгілі көкелер өздерінің бет-жүздерін жасыру үшін жеке кабина жалдайды, көліктерін көзден таса автотұраққа қояды. Дөкейлердің туған-туыстары мен балалары да вип-залда ойнайды.

– Казино дилерлеріне негізінен қандай тапсырмалар беріледі?

– Ең басты мақсатымыз – клиенттерді ұту. Сосын мүмкіндігінше сыпайы, сабырлы болуға міндеттіміз. Картаны бүлдірмес үшін тырнақ өсіруге тыйым салады. Бәрінен де маңыздысы – казино құпияларын жария етіп, ақпарат таратпауымызды талап етеді. Басында екі ай тегін жұмыс істетеді. Сосын жұмыс тәжірбиесі көп ең мықтыларына фокус жасауды үйретеді. Ішімдік ішіп отырған адамның аңғарымпаздығы нашарлайды ғой. Сол үшін ішімдік тегін. Тіпті сау адамның өзі дилердің картаны қалай ауыстырғанын байқамай қалады. Екінші рет ұтылған дилердің орнын одан жақсырақ ойнайтыны алмастырып отырады.

– Үлкен сомада, тіпті бір компанияның ақшасын ұттырып, өз-өзіне қол салатындар бар дейді ғой.

– Өзім ондайды кездестірмедім. Алайда өмірден баз кешіп қайтатын ойыншылар баршылық. Жалғыз үйін, көлігін, бар мүлкін ойынға салып жіберіп, жер сипап қалған дардың көбінің өмірді басынан бастауға күш-қайраты жетпеуі әбден мүмкін. Автокө лік пен үйді кепілдендіріп, ақша беретін өздерінің ломбардтары күні-түні жұмыс істейді. Сол үшін арнайы үйдің құнын бағалаушылары болады. Өзге қаладағы үйлерді көріп қайту мақсатында бағалаушылар таксистермен қамтылған. Олар үйдің бағасын кемітіп ақша беруге тырысады. Белгіленген аз ғана мерзім ішінде өз үйін қайтарып алуға қаржы таппаған ойыншы әп-сәтте тақырда қалады.

Ғалия ҚҰДИЯРОВА, медицина ғылымының докторы, профессор:

– Ата-ананың, туған-туысының ықпалымен маған жылына оннан астам адам ақыл-кеңес алуға келеді. Олардың басым көпшілігі – жасөспірімдер. Ойынқұмарлық дерті дұрыс отбасы қалыптаспаған жерде 60 пайыздық көрсеткішке жетеді. Көбінесе ата-ана тәрбиесінің нашарлығынан балалардың ой-танымы, мінез-құлқы бұзылады. Ойынқұмарлардың дені үлгі-өнегесі бұрыс отбасылардан шығады.

Әзірлеген Арман ӘУБӘКІР

"Алаш айнасы" газеті, 2012 жыл

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір