• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:24:36
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 NEWS

Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатыспақ

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.

Сапар барысында Санкт-Петербургтің Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді іздеуге, өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар биржасы өткізіледі.

сауда

Қазақстандық компаниялар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, электр-техникалық жабдықтарды, химиялық өнімдерді, фармацевтикалық препараттар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын салалардағы кәсіпорындармен ұсынылатын болады.

Іс-шара бағдарламасында сауда-экономикалық форумға қатысу, Санкт-Петербург пен Ленинград облысының бизнес-топтарымен іскерлік байланыстар өткізу, «Петерфуд-2018» Халықаралық азық-түлік көрмесі мен кәсіпорындарға бару көзделген.

Өтетін орны: Санкт-Петербург қ., Чайковский к-сі, 46-48, Санкт-Петербург Сауда-өнеркәсіп палатасының ғимараты, 2-қабат.

Байланысушы тұлға: Динара Жаңбырбаева, тел.: +7 (7172) 279 616 (ішкі 203)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір