• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:26:58
Алматы
+35°

07 Қараша, 2017 Спорт

Қазақстандық футболшылар арасындағы ең нәтижелі ойыншы анықталды

Жартылай қорғаушының еншісінде 27 ойыннан кейін 11 гол (5 пенальти) бар.

Алматылық “Қайрат” клубының капитаны Бауыржан Исламхан ел біріншілігінде қазақстандық футболшылар арасындағы ең нәтижелі ойыншы атанды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz мәліметіне сүйеніп.

Жартылай қорғаушының еншісінде 27 ойыннан кейін 11 гол (5 пенальти) бар. Жалпы сұрмергендер арасында ол төртінші орынға жайғасты.

Ең нәтижелі қазақ футболшылары арасында екінші орында "Тобылдың" шабуылшысы Алексей Щеткин орналасты. Оның еншісінде 10 гол бар. Үшінші орынға "Ордабасының" шабуылшысы Таңат Нөсербаев орналасқан. Ол биылғы маусымда қанжығасын жеті рет майлады. 

19 жастағы "Тараздың" шабуылшысы Бақтияр Зайнутжиновтың еншісінде де жеті гол бар. Жас шабуылшысы төртінші орынға тұрақтады. Бесінші орынға "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков жайғасты. Жартылай қорғаушының еншісінде алты гол бар. 

Айта кетейік, Исламхан, Щеткин және Зайнутдинов ел біріншілігінде 27 ойын өткізсе, Нөсербаев 22, Мужиков 29, Муртазаев 32 кездесуге қатысты. 

Ел біріншілігінің ең үздік сұрмергені "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу атанды. Шабуылшы 32 ойында 24 гол соқты. Екінші орынға 31 ойында 19 гол соққан "Астананың" шабуылшысы Жуниор Кабананга орналасса, үшінші орынға 30 ойында 13 гол соққан Патрик Твумаси жайғасты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір