• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:56:04
Алматы
+35°

 

allfight.ru сайтында «Сергей Завилейский: «Game of thrones» телехикаясындағы рөлге Фируза Шарипова қарастырылады» деген мәлімет пайда болды. «Қамшы» порталы аталмыш телехикаясының танымалдығын ескере отырып материалды қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова танымал телехикая «Game of thrones»-ке түсуі мүмкін. Бұл жайлы әйелдер боксының дүниежүзіндегі алғашқы промоутерлік компаниясының бас директоры, қазақстандық боксшының менеджері Сергей Завилейский хабарлады.

«Маған Голливудтан қоңырау шалып, Фирузамен белгілі бір форматта видео жазуды ұсынды. Бейнероликты «Game of thrones» режиссерлері көріп шығып, өз шешімдерін айтпақ. Телевизиялық продюсерлер қазақ боксшысына қызығушылық танытып жатқандарына біз қуаныштымыз. Сұраған видеоларын міндетті түрде жібереміз де оң жауап күтеміз. Солтүстік Ирландияда түсіріліп жатқан атышулы телехикаяның 7 сезонында Фируза бой көрсетеді деген үміттеміз дейді Сергей Завилейский.

Фируза Шарипова vesti.kz сайтына берген сұхбатында " Бұл телехикаяға түскім келеді. Керек болса бокстасатын уақыттарды өзгертемін. Себебі қатты қызығушылық танытып отырмын. Өз басым Дейенеристің жеке күзетшісі болғым-ақ келеді. Бірақ оны шешетін мен емес, әрине» деді.

Естеріңізге сала кетейік, танымал боксшы қыз Фируза Шарипова өзін жақында ғана тележүргізушілік қырынан танытты. Содан соң оған бірден  екі фильмге түсуге ұсыныс келіп түсті.  
 

Аударған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір