• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:02:28
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2019 Спорт

Қазақстандық боксшы қытай боксшысын нокаутпен жеңді (видео)

Бесінші раундта Тао қатты соққыдан есеңгіреп, құлап, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмайтыны белгілі болғандықтан, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді.

Дубайда өткен "бокс кешінде" Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек қытайлық Ченхон Таоны нокаутпен жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жеңіл салмақты Сұлтан Зәуірбек Сұлтан қытайлық боксшыны бесінші раундта нокаутқа жіберіп, жекпе-жек қазақстандық спортшының  жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Алайда, бесінші раундта Тао қатты соққыдан есеңгіреп, құлап, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмайтыны белгілі болғандықтан, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. 

Еске сала кетсек, мұның алдында дәл осы "бокс кешінде" Қазақстандық боксшы Абылайхан Шегалиев те қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. 

Ұсынған: Мақпал Сембай 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір