Қазақстанды жаңа өркениетке қалай көшіреміз? (ой-ұсыныс)

Қазақстанды жаңа өркениетке қалай көшіреміз? (ой-ұсыныс)
ⒸTengrinews.kz

Алда цифрлы революциядан соң сана эрасы басталмақ. Бұған харекетті қазірден бастамасақ, кеш қаламыз. Идеологиялық құлдыраудан  кейін көптен күткен қоғам мен биліктің қауышатын кезі келді.

Егер біз әлемде жаңа цивилизацияға көшкіміз келсе (әлемнің ең дамыған  G7 мемлекеттерінің өздері де осыны көздеуде, бірақ әлі шешімін тапқан жоқ), онда бізге қазір инновациялық серпіліс керек. Бұл дегеніміз Қазақстанда  инновациялық жаңа парадигма жасау, оның түп тамыры білімді қоғам кұру, сананы жаңарту! Азды-көпті экономиканы қалыптастырдық дейміз. Алда экономикамызды әртараптандырып, шикізат экономикасынан шығатын, жаңа теxнологияны дамытатын, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресетін, мемлекетті жөндеп басқаратын жұмыстар шаш етектен...

Бірақ енді басымдылықты, бетті xалыққа бұрайық! Халық, әрбір адам білімді болмай, қоғам білімді болмай,  сана, ұлттық руx көтерілмей прогресс болмайды. Оны осы уақытқа дейінгі өмір көрсетті. Қасаң тартқан сананы өзгертіп, руxани тазаратын кез жетті! Ол үшін рухани - тарихи кұндылыктарды негізге ала отырып ғылымға, білімге, мәдениетке серпіліс беру керек.  Көп жылдар бойы төмен қаржыландырып келген осы салаларға үлкен инвестиция салу қажет (Финляндия, Жапония, Оң.Корея, Израйл, АҚШ сияқты). Бізде қалай деген сұрақтың ащы шындығы мынадай:

- Ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда не бәрі 0,13%-ақ ғана (дамыған мемлекеттерде 3%-дан асады, 25 есе кем деген сөз). Бұл 28 жылда ең төменгі көрсеткіш. Ешқандай сын көтермейді. Осыдан кейін өкінішке орай, жан ұясы  аш - жалаңаш, бір портфельді отыз жыл көтеріп, әр университеттің есігін сығалап жүрген профессор жақсы ұстаз болуы мүмкін, бірақ ол ғалымнан қандай әлемдік деңгейдегі жаңалықты күтеміз. Бізге дамыған елдерден көп қалмау үшін, кем дегенде ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нен 2% болу керек. Ар жағын қыскаша айтайын.

- Білімге бізде 4% (кем дегенде 6%-дан жоғары болу керек, жастарды барлық деңгейде тегін оқыту үшін);

- Мәдениетке бізде 3% (кем дегенде 6% болу керек);

- Денсаулыққа бізде 3,2% (ВОЗ-дың ұсынысы бойынша кем дегенде 6% болу керек). Мысалы АҚШ-да 16-18%, G7 елдерінде 10%-дан жоғары.

Міне осындай пәрменді қолдау жасап ғылым, білім, мәдениет, денсаулыққа серпіліс бергенде ғана біз тез өсеміз, тіпті жаңа өмірге қадам басамыз. Басқа жолды көріп тұрған жоқпын. Осыны түсінетін сәт туды.

Қосымша іске асыру шараларына келсек:

  1. Осы проблемаларды шешу үшін ХХІ ғасырдағы өркениеттің талабына сай 2020-2030 жж., 10 жылға арналған «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН» жасау керек. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ақылдастар алқасы ретінде ең үздік ғалымдар арасынан «Жоғарғы консультативті кеңес» құру қажет (9-11 адам).
  2. Біздің ой-санамызды 4-ші өндіріс революциясының жаңа талабына сай өзгертетін уақыт келді. Егер елімізді ХХІ ғасырда жаңа өркениетті өмірге дайындағымыз келсе, онда біз руxани - тариxи құндылыктарды жаңа теxнологиямен біріктіріп және оны жаxандық желімен (желілік коммуникациямен) қосып жүргізуіміз керек. Осы үш саланы бір жүйе етіп пайдаланғанда түбегейлі мәселелер шешімін табар еді. Дамыған елдер осы идеяны іздеуде.
  3. Тоқ етері не біз дәл осылай жасап алға шығамыз, не мәнгілік шикизат елі болып қаламыз, алпауыттарға жұтылып та кету қаупі жоқ емес. Керек болса мұндай түбегейлі әлеуметтік - саяси шешімді бүкіл халық болып РЕФЕРЕНДУМ арқылы шешуге болады! Халық жаңа ұрпақ қалыптастыруда өзі мақұлдап қабылдаған шешімін өзі қадағалауына да болады. Осындай өркениетті мақсатты шешу арқылы елімізде Конституциялық саяси - әлеуметтік, экономикалық реформалар жүреді. Түбегейлі емес шалағай реформалардан нәтиже шықпағанын халық біліп отыр. Сең қозғала бастады. Оны насырға шаптырмау, апатқа апармау үшін шұғыл іс - шаралар қажет.
  4. Мен экономист ретінде бұл ұсыныстарға ақшаны қайдан алатын көздерін талай айтқам да, керек болса тағыда көрсетіп беремін. Ал биліктегілерге 1 принципті ұстаса жеткілкті, ол қатаң тәртіп, тек ұрламау керек! Белгілі себептермен біз Қытай сияқты аса ауыр жазалау шарасына бара алмаймыз ғой. Ең алдымен биліктегілер ізгілік пен әділеттілікті негізге алу керек. Абайша мұны «нұрлы жүрек ісі» деп білсек те болады. Осыны әр адам, тіпті ұлыларда ұстанса, адам өмірі баянды болады, кемеліне жетеді. Әркім адалдық пен ақиқатты, бір-біріне деген мейірмандылықты ел арасында уағыздау керек. Біз осылайша алда тән құмарлығынан гөрі жан құмарлығына қызығушылыққа басымдылық берілген заманға жетеміз. Керек болса, біз құдайдың алдында бар байлығымызбен жауап бермейміз, керісінше, руxани құндылығымыз бен санамыз қай денгейде екендігімізбен есеп береміз! Сонда руxани адам жамандық жасай алмайды. Себебі оның ар - намысы, моралі жібермейді. Осылайша өркениеттің төріне шыға алған жағдайда, біз Қазақ елі ежелден ата-тегіміз Түркі империясы, Рим империясы сияқты әлемнің алты цивилизациясының бірі болғанын екінші рет дәлелдей аламыз! Іске сәт!

Ардақты әріптестер, қара орман халқым осы ой – ұсынысым туралы пікір білдірулеріңізді сұраймын.

Оразалы Сәбден,

Қазақстан Ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

э.ғ.д., профессор, академик     

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 күн бұрын

    4. Бұл утопия. Адалдыққа шақыру утопия. Жүз пайыз бар шенеуікті ауыстыру керек, 80-90 пайызға қысқарту керек. Көп мекемелерді мүлде жою керек. Адал жұмыс жасайтындар жеткілікті, халық арасында. Бір өзі қазіргі 10 шенеуіктің жұмысын атқара алатын.

    1
    Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды
    21/03 13:53 0 49
    2
    "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады
    21/03 13:10 0 750
    3
    "Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз, не пропагандист..."
    21/03 13:06 0 210
    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
    21/03 12:53 0 180
    Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
    21/03 12:41 0 300

    Таныстырылғандар

    49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
    49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
    49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
    Тікелей эфирде бейбіт тұрғындарға оқ атқан террорист қолға түсті
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 16:12 0 12812
    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді
    Қытай азаматы Атырау облысында жергілікті компаниялардың бірінде қаржы директоры болып қызмет атқарған
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 23:26 0 1334
    "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
    "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
    "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
    Ел үшін күндіз күлмей, түнде кірпік ілмей қызмет еткен ондай ардақтылар ел қатарлы елу-алпыс мыңдық зейнетақыға телмірсе обал ғой.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 14:58 1 7726
    Қарғыс алған қазақ
    Қарғыс алған қазақ
    Қарғыс алған қазақ
    Көгеріп көктегенді былай қойып құрдымға бет алғанымыз анық.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 16:13 1 3914
    Жанайқай! Байтұрсынұлы мұражайының ауласы бомждардың мекеніне айналды (фото)
    Жанайқай! Байтұрсынұлы мұражайының ауласы бомждардың мекеніне айналды (фото)
    Жанайқай! Байтұрсынұлы мұражайының ауласы бомждардың мекеніне айналды (фото)
    Музей сакральді тізімге енсе де, мемлекет қарамағында жоқ!
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 10:53 0 531
    "Наубайханада нан да піседі, жан да піседі..." Наубайхана атауы қайдан шықты?
    "Наубайханада нан да піседі, жан да піседі..." Наубайхана атауы қайдан шықты?
    "Наубайханада нан да піседі, жан да піседі..." Наубайхана атауы қайдан шықты?
    Хана – наубайхана, асхана, тойхана, мейрамхана, яғни көпшілікке арнайы ас (тағам) дайындалатын жер
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 12:44 0 406
    50 500 теңгелік әлеуметтік көмекті кімдер алады?
    50 500 теңгелік әлеуметтік көмекті кімдер алады?
    50 500 теңгелік әлеуметтік көмекті кімдер алады?
    Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 09:37 0 1727
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Бүгінгі таңда 25 млрд теңгенің құрылыс жобалар тізімі жасалды
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 10:51 0 188
    Бердібек Сапарбаев: Жалақы жыл сайын көбеюі керек
    Бердібек Сапарбаев: Жалақы жыл сайын көбеюі керек
    Бердібек Сапарбаев: Жалақы жыл сайын көбеюі керек
    Бұл туралы ол үкіметтегі еңбек қатынастарын реттеу шаралары қарастырылған отырыста айтты.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 12:22 0 379
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 19:36 0 3645
    "Назарбаев кетті" деп жылаған балақайлар (видео)
    "Назарбаев кетті" деп жылаған балақайлар (видео)
    "Назарбаев кетті" деп жылаған балақайлар (видео)
    Кішкентай қыз "атам кетіп қалды" деп жылады. Үлкендер "енді жастарға жол бергісі келген ғой.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 09:18 0 3863
    Мемлекет Елбасы мен оның жақындарын қалай жарылқайды?
    Мемлекет Елбасы мен оның жақындарын қалай жарылқайды?
    Мемлекет Елбасы мен оның жақындарын қалай жарылқайды?
    Елбасы ҚР президенті айлығының 80%-н ай сайын зейнетақы ретінде ала алады.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 12:20 0 7207
    Бекболат Тілеухан: Мен өзімді Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргем
    Бекболат Тілеухан: Мен өзімді Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргем
    Бекболат Тілеухан: Мен өзімді Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргем
    Шығармашалық адамымыз ғой, қимастық сезімі бар.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 12:54 0 5919
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Ол бұл қызметке Сенат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 14:58 0 872
    "Тоқаев президенттікке келетінін 2013 жылы білген..."
    "Тоқаев президенттікке келетінін 2013 жылы білген..."
    "Тоқаев президенттікке келетінін 2013 жылы білген..."
    Ендігі басты сұрақ: «Ары қарай не болмақ?
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 15:31 0 3121