• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:38:29
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Қазақстандағы мектеп оқулықтарының мәселелері

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мектеп оқулықтарының сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мектеп оқулықтарының сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді. Білім мазмұны заман талабына сай өзгерген сайын мектеп оқулықтарын да жаңартып отыру керек. Бірақ бұл мәселенің де өз қиындықтары бар.

Біріншіден, барлық білім саласындағы бағдарламалар, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптама жасау және апробация жаңарған мазмұнға сәйкес аз уақыттың ішінде асығыстықпен жүзеге асырылып жатыр.

Екіншіден, білім беру саласындағы жаңа тұжырымдамаға байланысты түсіндіру жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмеген және кейбір баспалар жаңа әдістерді меңгере алмай, олардың әдістемелік қызметтері де авторларды жаңаша жазуға уақытында үйрете алмауда.

Үшіншіден, ата-аналар мен ұстаздар қауымдастығы арасында білім берудің жаңа мазмұнын дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.

Төртіншіден, мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан жаңа оқулықтарда санитарлық-гигиеналық талаптар орындалмаған және салмақтары ауыр әрі форматы үлкен деген сын-ескертпелер айтылуда.

Жоғарыда аталған сындардан нәтиже шығару және оқулықтардың сапасын жақсарту мақсатында Білім және ғылым министрлігі төмендегідей іс-шараларды атқаруда:

  1. Кітаптарға қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып және орындаушылардың сапа бойынша жауапкершілігін күшейту үшін Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар кіргізілді. Аталған ережелерде келесі жағдайлар ескерілген:
  • Авторлар ұжымына талаптарды күшейту;
  • 4 жылдық фондылау циклын міндетті түрде болатынын алып тастау;
  • Негізгі және жалпы білім жүйелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациядан өткізу;
  • Келіп түскен барлық сын-ескертулер немесе ұсыныстарды есепке алу және қадағалау жүйесін енгізу;
  • Пәндік комиссиялардың рөлі мен олардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
  • Оқулықтарда интернет-ресурстарға сілтеме жасау талаптарын күшейту.

Оқулықтар сапасына баспалар тікелей жауап береді. Ақаулар мен кемшіліктер табылған жағдайда баспа өз есебінен оларды жоюға міндетті болады.

Оқулықтардың бағасын негізсіз өсірмеу үшін пән комиссиялары тарапынан нақты критерийлер енгізілген.

  1. Оқулықтарды білім беру мекемелеріне уақтылы жеткізіп тұру үшін Оқулықтармен қамтамасыз ету ережелеріне де өзгерістер енгізілген. Мектептердегі оқушылар санын анықтап, соған мөлшерлеп оқулықтар шығару, білім ордаларындағы кітапханаларда инвентаризация жасау да жолға қойылған.
  2. Қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін де жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2017 жылы «Оқулық» орталығының «Қоғамдық бағалау» порталында 2, 5 және 7 сыныптарға арналған барлық баспалардан шығатын оқулықтардың макеттері қойылды. Ата-аналар мен ұстаздардан келіп түскен 4172 ескертулер мен ұсыныстар баспаларға түзету үшін жіберілді. Сонымен қатар арнайы құрылған чаттағы ескертулер де есепке алынды. Биылғы ақпан айында Астана мен Алматы қалаларымен қатар барлық аймақтарда осы оқулықтарды талқылау жүргізілді. Олардың негізінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкесінше түзетулер енгізілді. Аталған порталда қазір 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары салынған.
  3. Республикалық және пәндік комиссиялардың сандық және сапалық құрамдары күшейтілді. Комиссияларға ғалымдар, оқытушылар, мұғалімдер және әдіскерлер сияқты білікті мамандармен қатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кіргізіліп, 2017 жылы 126 адамнан тұратын 17 пәндік комиссия құрылды.
  4. Авторлар мен сарапшыларға әдістемелік көмек көрсеті жандандырылды. Осы бағытта екі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда кітап шығару ісімен айналысатын шетелдік танымал мамандар шеберлік сыныптарын өткізді. Конференция кездерінде көрмелер, брифингтер, дөңгелек үстелдер мен түрлі курстар ұйымдастырылды.
  5. Орыс тілінен 5 және 7 сыныптарға арналған оқулықтарға байланысты келіп түскен сындарды ескере отырып, Астана, Орал, Өскемен, Петропавл және Көкшетау қалаларында мұғалімдер және ата-аналар қатысуымен кезедсулер өткізілді. Кездесулер қорытындылары бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға өзгерістер кіргізілді. Осы үрдіс барлық сыныптардың оқулықтары мен бағдарламаларына жүргізілетін болады. Аталған кездесулерде бағдаламалар мен оқулықтар авторлары, біліи басқармаларының мамандары және баспалардың өкілдері қатысты.
  6. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау сапасын көтеру үшін әр аймақтан авторлар мен үздік мамандар тарту көзделген. Сарапшылар жұмысының сапасына мониторинг жасау автоматтандырылған жүйеге көшірілу жоспарланған.
  7. Оқулықтардың санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтауды бақылау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарымен кездесулер өткізіліп, нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге шешім қабылданды. Баспаларға аталған талаптарды қатаң сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.

Білім беру саласында болашақта да түрлі бағдарламалар, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендердің сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіле беретін болады.

Секен НАЗАР

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір