• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:50:44
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 NEWS

Қазақстандағы медицинаны цифрландыру қалай жүзеге асып жатыр?

«Халықтың қалыпты жағдайы үшін медициналық қызметтің сапалы болуы аса маңызды» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикадағы барлық емхана мен аурухана шексіз қағаздардан құтылады. Бәрі электрондық форматта жүзеге асатын болады.

Елбасы халыққа Жолдауында медициналық қызметтің сапасына ерекше көңіл бөліп өткен. «Халықтың қалыпты жағдайы үшін медициналық қызметтің сапалы болуы аса маңызды» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Медицинаны цифрландырғаннан еліміз не ұтады? Денсаулық сақтау сақтау жүйесінде не өзгереді? Анықтап көрейік...

Медициналық қызметтің сапасын арттыруда ең алдымен электронды денсаулық сақтау саласын дамыту әрі құжат алмасу жүйесін қағаздарсыз жүзеге асыруды дамыту керек. Осы орайдағы жұмыстар белсенді жүзеге асып жатыр.

Бүгінгі таңда медициналық құжаттаманың 121 формасының 64-і қағазсыз жүйеге енген. 727 тәуелсіз медициналық ұйымның 674-і құжаттаманы электрондық форматта жүзеге асырып отыр. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына орай барлық аурухана мен емхана түгел қағазсыз жүйеге өтеді. Қазіргі таңның өзінде денсаулық сақтау ұйымдарының 99  пайызы медициналық ақпараттық жүйемен жабдықталған, медицина қызметкерлерінің 90,8 пайызы компьютермен жабдықталған.

Елдегі медицина саласын цифрландырудың көрінісі ретінде Қостанайдағы №4 қалалық аурухананы келтіруге болады. 2010 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған емхана пилоттық режимде белсенді жұмыс істеп келеді.

Өзінің жеке сервері бар, әр қызметкердің жұмыс үстелінде компьютер орналасқан. Әрі емхана «Қағазсыз аурухана» жобасы аясында шексіз қағаздардан бас тартқандардың алғашқысы болды. Бүгінде емханада құжаттама электрондық форматта жүзеге асы жатыр. Дәрігерге жазылу үшін пациент үйден шығып немесе телефон шалып әуре болмайды. DamuMed қосымшасы арқылы дәрігерге жазылады, сонымен қатар дәрігерді үйге шақыра алады.

Сонымен қатар, медициналық ақпараттық жүйенің арқасында республикадағы денсаулық сақтау ұйымдарының бизнес-үрдістерін де цифрландыру қамтамасыз етілген. Бұған қоса, электрондық денсаулық паспорты үшін қажетті ақпарат жинау жүйесі қалыптасты. Қазірдің өзінде медициналық ақпараттық жүйе өңірлік деңгейде дамыған, 10,2 миллионға жуық денсаулық сақтау паспорты толтырылған.

Сондай-ақ, 546-ға жуық цифрлық сауаттылық посттары құрылды. Мақсаты – тұрғындарды цифрлық жүйеге үйрету, баулу.

Мұның бәрі тұрғындардың әрқайсысы өз денсаулықтарына бұрынғыдан да қатты көңіл бөліп, денсаулық сақтау қызметіне деген сенімдерінің нығаюына септесетін үрдістер.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мен құжаттаманы қағазсыз жүзеге асыру турасында сөз болған кезде мобильді қосымшаның да рөлі маңызды екенін ескере кеткен жөн. Бұл туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығының» сайтында көрсетілген.

Бүгінде заманауи технологияның арқасында осындай электрондық қызметтер жүзеге асып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір