• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:49:09
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 Саясат

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер туралы сіз білмейтін деректер

Мозер 1984 жылдан бергі дипломатиялық қызметі барысында Украина, Қазақстан, Египет, Суринам және Мали елдерінде жұмыс жасады.

Елімізде 2015-2018 аралығында АҚШ елшісінің қызметін атқарған Джорж Кэрол өз орнын 57 жастағы Уильям Мозерге босатты.

Уильям Мозер – Американың сыртқы саясат саласында жоғары жетістіктерге жеткен көрнекті қызметкер. Мозер 1984 жылдан бергі дипломатиялық қызметі барысында Украина, Қазақстан, Египет, Суринам және Мали елдерінде жұмыс жасады.

2015 – 2017 жылдары шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын пайдалану жөніндегі бюро директорының бірінші орынбасары және 2006 жылдан 2011 жылға дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі көмекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол Вашингтон қаласында АҚШ Мемлекеттік департаментінің жаһандық қолдау көрсету мен инновациялық мәселелер жөніндегі директоры, Еуропа және Еуразия істері жөніндегі атқарушы директордың орынбасары, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия істері жөніндегі бюроның Дипломатиялық өкілдіктерді басқару бөлімінің басшысы, Саяси-әскери мәселелер жөніндегі бюроның саяси-әскери мәселелер бойынша кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

Жаңа елшінің қойылуымен Қазақстанда америкалық дипломаттар саны көбейе бастады. Қазақстандық журналист Ібраш Нүсіпбаевтың айтуынша, Ақ үй бұл қадаммен Орта Азия және Қазақстан азаматтарына назар аударту үшін насихаттық ақпараттық желі салатынына сенімді.

Мозердің бұл Қазақстанға екінші рет келуі: ол мансабының біршама мерзімін елімізде АҚШ-қа қарасты елшіліктің энергетика және экономика мәселесі бойынша атташе болып қызмет еткен.

Ол қарапайым америкалық саясаттың истеблишмент өкілі... 2013 жылы Молдовада елші болған кезде ЛГБТ-ұжымдарын қолдап, тіпті Кишеневтегі өткен алғашқы гей-шеруге қатысқан. Ол Украинадағы қозғалысты "қарапайым халықтың нағыз демократияға ұмтылуы" деп есептейді.

"Түсті революциялар майталманы" деген лақап аты бар жаңа елшіге АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Орталық Азияға "демократия әкелу" мақсатында 500 миллион доллар бөлді деген қауесет тарады. Ал енді сұрақ! Елімізде президент таңдаулары алдында АҚШ-тың біздің ішкі саясатына араласпауына кім кепіл?

Автор: Ильдар Адильченов 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір