• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:38:39
Алматы
+35°

02 Желтоқсан, 2018 NEWS

Қазақстанда үздік Бизнес-ханымдар анықталды

Байқауға қатысқандардың барлығы да ерекше әрі сұлу

Республикалық байқау Астана әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтті. Бизнес-ханымдар  өзінің жобасы туралы бейневизитка, эрудиция және шығармашылық номер сияқты үш кезеңде бақ таластырды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметіне сүйене отырып мәлімдейді.

Астана

«Байқауға қатысқандардың барлығы да ерекше әрі сұлу. Қыздардың барлығы тең дәрежеде. Олар – аймақтарында өткен кезеңнің жеңімпаздары. Мұнда кілең мықтылар жиналды»,  - деді әділқазылар мүшесі, Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбіргебаев.

Байқауда ақтөбелік «Mediapro» балалар продюсер орталығының басшысы Жанаргүл Досова жеңіс тұғырынан көрінді.  

Астана

«Бізде шығармашылық академия бар. Онда біз балаларға вокал, актерлік шеберлік, хореография сынды бағыттарда білімі мен қабілетін ұштаймыз. Бізде көптеген киножобалар, кинофестивальдер бар. Сондай-ақ, балалар тележобаларға да қатысады. Ал мен сахнаға шықсам деп армандайтынмын. Сол армандарымның барлығы орындалуда. Бұл – сөзбен жеткізілмейтін ғажап сезім», - деп бөлісті әсерімен жарыстың жеңімпазы Жанаргүл Досова. 

Байқаудың негізгі мақсаты – жас әйелдер арасында белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру, Қазақстан іскер әйелдерінің имиджін көтеру, кәсіпкерлікте, мамандығында, қоғамдық өмірде, саясатта және шығармашылықта табысты әйелдің образын қалыптастыру. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір