• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:44:56
Алматы
+35°

12 Маусым, 2017 NEWS

Қазақстанда тұрғындар жаппай еуро сатып алуда

Ағымдағы жыл басынан бері еліміздің ақша айырбастау пункттерінде ЕО еуросына сұраныс артқан. Орта есеппен, елімізде 400 миллион ($449 миллион) еуро сатылған....

Ағымдағы жыл басынан бері еліміздің ақша айырбастау пункттерінде ЕО еуросына сұраныс артқан. Орта есеппен, елімізде 400 миллион ($449 миллион) еуро сатылған. Бұл өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 70,4 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттгі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуроға сұраныс Қазақстанның басты қалаларында артқан. Ал АҚШ долларының сатылым көлемі 25,6 пайызға төмендеса, Ресей рублінің Қазақстанның валюта нарығындағы айналымы 4 пайызға түскен.

Ел азаматтары 2017 жылдың алғашқы 4 айында 386,2 миллион еуро сатып алған. АҚШ доллары біршама құнын жоғалтқаннан кейін, оған деген сұраныс төмендеген. Ал соңғы бір аптада америкалық валюта құны артып келеді. Демек оған деген сұраныс та арта түспек.

Алматы қаласының тұрғындары сәуір айында 276,6 миллион АҚШ долларын (өткен жыл сәуірімен салыстырғанда 8,5 пайызға кем) сатып алған болса, Астанада 67,3 миллион АҚШ доллары сатылған. Ал үшінші орынды $38,5 миллион қаржымен ОҚО иемденді. Жыл басынан АҚШ долларына деген сұраныстың 61,1 пайызы екі мегаполис еншісіне тиесілі.

Ал еуро сатылымы бойынша да Алматы мен Астана алдыңғы орында тұр. Жалпы сұраныстың 61,6 пайызын аталған екі қала қамтамасыз еткен. Алматылықтар өткен жылдың сәуір айына қарағанда 47,1 пайыз көп еуро сатып алған. Ал Астана тұрғындары 21,7 миллион еуро (өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 16,4 пайызға көп) сатып алған. Оңтүстік Қазақстан облысында сәуір айында 7.5 миллион еуро сатылған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7,1 пайызға артық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір