• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:39:45
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Әлеумет

Павлодар полициясы облыс орталығынан ондаған шақырым қашықтықта жолда тұрып қалған автобустағы жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Автобус ішінде Өзбекстанның 55 азаматы болған. Олардың бәрі Ресейге жолға шыққан. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол-патрульді полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған автобусты Достық ауылының маңынан тапқан.

Полиция қызметкерлері жолаушыларды ауылдағы мектепке жеткізіп, оларды жылытып, ыстық тамақ берген. Өзбекстан азаматтары басқа автобуспен Ресейге қарай қайта жолға шыққан. Оларды Ресей шекарасына дейін жеткізіп салған. Әрі қарай мигранттар ресейлік автобусқа отырған.

Жыл басынан бері Павлодар облысында осымен үшінші рет Ресейге бара жатқан автобус бұзылып, жолаушылар жедел құтқарылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір