• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:06:17
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2018 NEWS

Қазақстанда талапкер 25 балмен грантқа түсті

Бүгін білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған.

2018 жылы білім беру гранттарын қазақ диаспорасының 862 өкілі алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сипаттамаға қарағанда, квоталар Қазақстан Республикасы азаматы емес, этникалық қазақтарға бөлінген. 

ҚР азаматы емес этникалық қазақтардың ең жоғары балы 133 екен, мұндай көрсеткішке екі талапкер қол жеткізген. Олар "Жалпы медицина" және "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша білім алады.

Диаспорада ең төменгі балл 25 және 26. 25 балл жинаған түлек "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына грантқа түсті. 26 балл алған талапкер болса "Мектепке дейінгі оқыту" мамандығын таңдаған. Грант алғандардың қатарында 27, 29, 31 және 33 балл жинағандары бар.

132, 129 және 128 балл алған бірнеше түлек тіс дәрігері мамандығын таңдап отыр екен. 

Еске салайық, бүгін білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір