• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:40:09
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Қазақстанда шенеуніктердің саны қысқарады

Бірер ай бұрын кәсіпкерлікті реттеу туралы заңнамаға Елбасы қол қойған.

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бүгінде елімізде әртүрлі деңгейде 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Бірер ай бұрын кәсіпкерлікті реттеу туралы заңнамаға Елбасы қол қойған. Осы заңнама аясында талдау жүргізіліп, шенеуніктердің санын қысқарту бойынша нақты жоспар жасалды. Әзірге жоспарға 1 131 шенеунік еніп отыр.  Сүлейменовтің айтуынша,  шенеуніктерді қысқарту туралы соңғы шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайды.

Мұндай өзгерістің мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру. Ал заңға сәйкес мемлекеттік бақылау функцияларын 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір