• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:26:59
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2017 NEWS

Қазақстанда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының электронды деректер базасы» іске қосылды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазконтент» АҚ «Саяси қуғын сүргін құрбандарының электронды деректер базасы»...

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазконтент» АҚ «Саяси қуғын сүргін құрбандарының электронды деректер базасы» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл база – репрессия жылдарында қаза тапқан, жапа шеккен қазақстандықтардың есімдері сақталған толық нұсқадағы электрондық ресурс. Ол National Digital History веб-порталында қол жетімді.

Базада 200 мыңға жуық адамдардң есімі сақталады және нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады. Базаға ҰҚК мұрағатында сақталған, сондай-ақ көптомдық «Қайғы кітабы. Атылғандардың тізімі» кітабындағы деректер кіреді.

Оның үстіне, әр пайдаланушы базаны толтыруға атсалысуына болады. Ол үшін репрессия жылдарында жапа шеккен туыстарыңыз жайлы деректерді  [email protected] пошатсына жібере аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір