• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:03:36
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 NEWS

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қарлы боран республика жолlарындағы қозғалысты айтарлықтай қиындатқан. Мұндай ауа райы дәрігерлер мен құтқарушыларға түсетін ауыртпалықты да еселей түскен. Медициналық көмек сұрап жүгінгендердің саны күрт артты.

«Өткен тәуліктерде Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының шұғыл әрекет ететін бригадалары 30 жәбірленушіні қауіпсіз жерге көшірді, соның 5-еуі бала, ал үш адам ауруханаға жатқызылды», - дейді Иманқұлов.

ауа райы

Атап айтқанда, жедел қызметке Аршалы күре жолының 42-разъезінде күзет бекетінде бір адам үсіп қалғны туралы хабар келген. Шұғыл жеткен бригада оны жылы жерге көшірген. Астана-Қарағанды күре жолындағы Қызылсуат ауылынан 9 адам, соның ішінде 5 бала, бір жүкті әйел қауіпсіз жерге көшірілді. Сегізі туыстарының үйіне жеткізілсе, жүкті әйел №1 перинаталдық орталыққа жатқызылды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір