• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:34:21
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2018 NEWS

Қазақстанда оқушылар мектепке бес жастан қабылданады

Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған.

ҚР білім және ғылым Министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылы бірінші сыныпқа бұрынғыдай осы жылғы күнтізбеге орай алты жасқа толатын бес жастағы балалар барады. 

"Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар осы жылдан бастап бірінші сыныпқа барады, олар күнтізбе бойынша жыл соңына дейін толықтай алты жасқа толады, сондықтан мектепке қабылдануға толық құқылы. Ата-аналар да басқа білім беретін мекемелерді таңдай алады. Оқудан бас тартқан жағдайда ата-аналар мен оқушының заңды өкілі тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру мекемесіне жүгінеді", – делінген ҚР БҒМ хабарламасында. 

Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған. 

ҚР БҒМ құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүретінін еске салды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдайтын құжаттар арасынан мекенжай анықтамасы алынып тасталған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір