• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:03:20
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2018 NEWS

Қазақстанда 30-дан аса әкім мен орынбасарлары пара алды деген күдік бар

Целиноград ауданының бұрынғы әкіміне қатысты селсоқтық таныту дерегі бойынша тергеу басталған

Қазақстанда отыздан аса әкім мен олардың орынбасары пара алды деген күдік бар. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жыл басынан бері 31 әкім мен олардың орынбасарлары пара алғаны үшін жауапқа тартылған (облыстыкі - 1, қала - 4, аудан - 5, ауыл - 21). Он екісі сотталған.

Целиноград ауданының бұрынғы әкіміне қатысты селсоқтық таныту дерегі бойынша тергеу басталған. 

Сонымен қатар, Павлодар облысы Ақсу қаласы, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бас маманмен бірігіп, әкімдік ғимаратына төлем терминалдарын қою бойынша келісімшарт жасасу кезінде 50 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы облысы Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары қызметін асыра пайдаланды деген күдік бар. Ол облыс тұрғындарының біріне көлік тұрағына арналған жерді заңсыз беріп, мемлекетке 496 мың теңге шығын келтірген.

Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы бопсалап, пара алғаны үшін сотталды. 

Ақмола облысы Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі 300 мың теңге пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төледі.

Жетісай қаласының әкімі 200 мың теңге пара алып, 12 миллион теңге айыппұл төледі.

Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қосшы ауылдық округінің әкімі 3 миллион теңге пара алып, 8,8 миллион теңге айыппұл арқалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір