• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:52:29
Алматы
+35°

24 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған қырғызстандық әйел әпкесімен қауышты

Қазақстанда 23 жыл бойы темекі өсіретін өрісте жұмыс істеген 51 жастағы қырғызстандық Отанына оралып, әпкесімен қауышты.

Қазақстанда 23 жыл бойы темекі өсіретін өрісте жұмыс істеген 51 жастағы қырғызстандық Отанына оралып, әпкесімен қауышты. Апалы-сіңлілердің кездесуі 2018 жылдың 19 қыркүйегінде Бішкектегі Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамдық қызметінің мерейтойын тойлау қарсаңында өтті. Аталмыш қызмет бұл күнге дейін Қырғызстанның 135-ке жуық отбасын қауыштырған.

23 жылдан кейін кездескен апалы-сіңлілерді көрген жұрттың көңілдері босап сала берді. Бурмакан Болтоева осы күнге дейін әпкесінің табыларына сенді, үмітін үзбеді.

«Ол Қазақстанға 1995 жылы кеткен. Біз қалада тұратынбыз, әпкемді алдап алып кетті. Қызыл Жарты Ай қоғамына алғыс білдіремін», - деді Болтоева.

21 жастағы Зуура Болтоева Ош облысы Қара-Құлжа ауданының тұрғыны. Қызыл Жарты Ай қоғамы Астанадағы қырғыз диаспорасының өкілдерімен бірігіп әйелді бір апта бұрын тапты. Құжаттарын жоғалтып алған Зуура елге қайта алмады, сол себепті темекі өсіретін алаңда жұмыс істеуге мәжбүр болған, бұған қоса аш қалмас үшін мал да бақты.

«Жұмыс істедім, кейін күйеуге тидім. Күйеуім 11 жылдан кейін қайтыс болды. Қызым екеуміз жалғыз қалдық. Бірақ ата-енем қызымды тәрбиелей алмайтынымды айтып тартып алды. Ол кезде жасы 11-де еді. Қазір қызым Қазақстанда тұрып жатыр.

Ал мен қара жұмысқа жегілдім. Үш түрлі қожайынмен жұмыс істедім. Оның екеуі мені ұрып соғатын, қалағандарын істететін. Туыстарымның мені іздеп жүргенін білмеппін. Мені іздеп тауып, Отаныма қайтарған Қызыл Жарты Ай қоғамына алғысым шексіз», - деді Зуура Болтоева.

Қоғамдық қызмет Астанадағы қырғыз диаспорасымен бірлесіп Зуура Болтоеваны үш ай бойы іздеген. Бішкекке келген әйел медициналық тексеруден өтті. Қазір құжаттары мен жеке куәлігі дайындалып жатыр. Қырғызстан Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамдық қызметінің 25 жылдығына орай тойланған мерейтойда бұдан да өзге қырғызстандықтар табысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір