• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:39:15
Алматы
+35°

20 Қазан, 2018 Саясат

Қазақстан ядролық қарусыз аймақ көшбасшыларының кездесуін өткізуге дайын

Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі бөлімімен бірлесіп, Нью-Йоркте ұйымдастырған ...

Қазір де, болашақта да дролық қарусыз аймақтар жаһандық ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісінде маңызды элемент болып қала бермек және ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге бағытталған халықаралық күш-жігердің негізі болуы тиіс. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі бөлімімен бірлесіп, Нью-Йоркте ұйымдастырған ядролық мәселелерді талқылау жөнінде Форумның қатысушылары атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ядролық қарусыз аймақтар бір-бірімен тығыз және тиімді өзара әрекеттескен жағдайда үлкен жетістікке жете алатындығын атап өтті. Бұл қарусыздану мәселелерін шешудегі олардың саяси салмағын және беделін арттырады.

Қазақстандық дипломат: «2017 жылдың тамызында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің Қазақстанда ашылу салтанатында  жарияланған ядролық қарусыз аймақтардың күш-жігерін нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы біздің ұжымдық күш-жігерімізді іске асыру үшін өзектілігі жоғары», - деп мәлімдей отырып, жоғары деңгейдегі аймақаралық кездесулерді тұрақты негізде ұйымдастыру дәстүрін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

–Қазақстан аймақ ­арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту бойынша біріккен қадамдарды жан-жақты талқылау үшін қазіргі барлық ядролық қарусыз аймақтардың және Монғолияның көшбасшыларын, сондай-ақ осы саладағы көрнекті белсенділерді шақыра отырып, осындай алғашқы кездесуді өз аумағында ұйымдастыруға дайын, – деп атап өтті Ержан Ашықбаев.

Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғары өкілі Изуми Накамицу, ЛатынАмерикасы мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттіктің (OPANAL) бас хатшысы Луис Филипе де Маседо Суареш, БҰҰ қарусыздану проблемаларын зерттеу институтының (ЮНИДИР) аға өкілі Джон Борри, Монғолияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сухболд Сукхи, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа да жоғары өкілдері қатысты.

Форумның қатысушылары ядролық қарусыз аймақтар арасындағы өзара әрекеттесудің қазіргі проблемаларын, соның ішінде институцияландыру мен әлеуеттің әртүрлі деңгейін қарастырды, сондай-ақ 2020 жылғы ядролық қарусыз аймақтарға қатысушы мемлекеттердің төртінші конференциясының қарсаңында тиімді ынтымақтасуға шақырды.

И. Накамицу, БҰҰ Бас хатшысының қарусыздандыру туралы жаңа күн тәртібіне сүйене отырып, ядролық қарудан азат аймақтарды нығайту және күшейту және Таяу Шығыс сияқты өңірлерде осындай аймақтарды одан әрі құру мақсатында мүше-мемлекеттермен  жұмыс істеуге дай ын екенін білдірді.

Сол күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Таяу Шығыстағы жағдай, оның ішінде Палестина мәселесі бойынша ашық пікірталастар өтті.

Ержан Ашықбаев пікірталастарда сөйлеген сөзінде Таяу Шығыстағы оқиғалардың тұрақсыздығы мен өзара байланысы тек осы өңірде ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерде алаңдаушылық туғызып, жаһандық қауіпсіздікке елеулі ықпалын тигізіп жатқанын атап өтті.

Ол Қазақстанның  Палестинаның тәуелсіздікке, Израильдің қауіпсіздікке қол жеткізу құқығын қолдауға қатысты позициясын қайта атап, БҰҰ  Жарғысына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына сәйкес екіжақты форматта және алдын ала шартсыз келіссөздерді жуық арада өткізуге шақырды.

Қазақстанның өкілі өз сөзінде Сириядағы, Ливандағы, Ирактағы, Йемендегі жағдайларға тоқталды және 46 мемлекеттің беделді рухани көшбасшылары мен діни қайраткерлерінің қатысуымен Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің қорытындысы туралы баяндап берді.

Еркін ҚАЛДАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір