• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:28:02
Алматы
+35°

11 Қараша, 2017 Саясат

Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге келді

Салтанатты рәсімге Қайрат Әбдірахманов, Рашид Мередов және Абдулазиз қатысты.

Қазақстан, Түркіменстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері үш елдің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол қою рәсімі Самарканд қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының «Орталық Азия: тарихы бір, болашағы бір, тұрақты даму мен өзара өркендеу жолындағы ынтымақтастық» атты халықаралық конференциясы аясында өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Түркіменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты.

Шекараның түйісу нүктесі туралы келісімге қол қою Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеудің бір кезеңін толығымен аяқтауға мүмкіндік беріп, үш мемлекеттің өзара сыйластығын, егеменді теңдігі мен аумақтық тұтастығын нығайтуға негіз болады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғаш күнінен бастап мемлекеттік шекараның делимитациясын бірінші кезекке қойған. Шын мәнінде, бұл мемлекеттің жауапты құрылымы мен қауіпсіздігінің мәселесі болып табылады. Бүгін қол қойылған үш жақты келісім, негізінен, Орталық Азия үшін тарихи болып табылады, себебі ол үш мемлекетіміздің мемлекеттік шекараларын құқықтық ресімдеуін қорытындылайды», - деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін.

Бұрын Қазақстан Түркіменстанмен және Өзбекстанмен екіжақты деңгейде шекаралар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізген болатын. Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркіменстан Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау үдерісі туралы келісімге 2001 жылғы 5 шілдеде, Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан–Түркіменстан Мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге 2017 жылғы 18 сәуірде, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан–Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы келісімге 2001 жылғы 16 қарашада, Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жеке учаскілері туралы шартқа 2002 жылы 9 қыркүйекте қол қойылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір