• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:56:25
Алматы
+35°

06 Қараша, 2018 NEWS

Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған

Жәбірленушілер алаяқтың шотына 100 мыңнан 300 мыңға дейін ірі сомада ақшалай қаражаттарын аударған.

Елордалық Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері интернетте алаяқтық жасаған Тараз қаласының тұрғыны 23 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, алаяқ Instagram әлеуметтік желісі арқылы тондар және тері бұйымдарын төмен бағамен сату және жеткізу туралы жалған ақпаратты таратқан. Ол дауысын танып қоймасын деген оймен «клиенттермен» хат алмасуды тек қана WhatsApp арқылы жүргізіпті. Осылайша, зиянкес сатып алушыларды қызықтырып, тондардың тапсырыс берушілердің үйіне жеткізілетінін айтып, Qiwi-кошелек арқылы 100 % төлемді талап еткен.

Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегеновтың айтуынша, жәбірленушілер алаяқтың шотына 100 мыңнан 300 мыңға дейін ірі сомада ақшалай қаражаттарын аударған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ нөмірлерді бұғаттап, аккаунттарды жойып, ұялы телефондарын сөндіріп отырған.

«Осылайша, жеті азаматты алдаған күдікті 1,5 миллион теңге көлемінде пайда көрген. Қазір ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға және интернет арқылы сатып алушыларға тексерілген интернет-өнім берушілерінің қызметін ғана пайдалануға, сондай-ақ тауарды жеткізгеннен кейін және алғаннан кейін ғана төлем жасауға кеңес береді.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Сол себепті полицейлер аталған азаматшаның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен жәбірленушілерге Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) жүгінуін немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35 телефондарына немесе 102 нөміріне қоңырау шалуларын сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір