• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:46:16
Алматы
+35°

26 Қазан, 2018 NEWS

Қазақстан-Өзбекстан-Түркіменстан шекарасының түйісу нүктесі бекітілді

Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Үстірт қыратының аумағында орналасқан

25 қазан Парламент сенатының пленарлық отырысында Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы шекараның түйісу нүктесі бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста «Қазақстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі бойынша Шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

Келісімге сәйкес үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Үстірт қыратының аумағында орналасқан. Бір айта кетерлігі, келісімнің мерзімі шектелмеген және күшін жоюға келмейді.

«Ратификация мен келісім күшіне енген жағдайда Қазақстанның Түркіменстан және Өзбекстанмен шекарасының түйісу нүктесін анықтау процесі аяқталады; түйісу аймақтарында туындауы мүмкін даулы жағдайлардың алдын алады; мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Министрдің сөзінше бұл келісім Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бекітетін соңғы құжат болмақ.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір