• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:50:49
Алматы
+35°

31 Шілде, 2018 Экономика

Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы

Екінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 31,4 мың бос жұмыс орын бар екенін мәлімдеген.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 209,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 216,3 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 77,1%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 3,6%, басқа себептер бойынша – 19,3% құрайды. Екінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 31,4 мың бос жұмыс орын бар екенін мәлімдеген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,6%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,8%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 96,8% құрады.

Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымдағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.

Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымдағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.

Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.

Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір