• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:03:40
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018 Аймақтар

Қазақстан мен Ресей сенаторлары Каспий конвенциясын ратификациялау мәселесін талқылады

Сенат Төрағасының орынбасары осынау ерекше құжатқа қол қою жөніндегі келісімге келудегі Ресей мен Иранның үлесін жоғары бағалады

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Иран делегациясы да қатысты.

Шараны Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов ашып, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Ақтау саммитінің қорытындыларын Астана жоғары бағалайтынын сөзіне тиек етті.

Сенат Төрағасының орынбасары осынау ерекше құжатқа қол қою жөніндегі келісімге келудегі Ресей мен Иранның үлесін жоғары бағалады. «Бұл бәріміз үшін зор жетістік деп санаймын. Бүгінгі отырыс біздің елдеріміз басшыларының тілегін өмірге енгізу», - деді ол. С.Громов Конвенцияға қол қойылуы осынау ерекше су айдынына екіжақты деңгейде де, көптарапты сипатта да бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесін бекітуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Енді Конвенцияны ұзаққа созбай, біздің парламенттеріміздің ратификациялағаны маңызды болып отыр. Биылғы 6 қарашада Конвенцияны ратификациялау жөніндегі құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасының Үкіметінде қаралғанын хабарлаймын. Конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын Үкімет алдағы уақытта Парламент Мәжілісіне береді деп күтіп отырмыз», - деді С.Громов.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында екі елдің сенаторлары Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Маңғыстау облысы мен Ресейдің Дағыстан Республикасын мысал ете отырып, шекаралық аймақтарды дамытуды, Каспийдегі туризм, экология мен биоресурстарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Конвенция теңіздегі құқықтар мен егемендіктің аражігін ажыратуға, қойнауын пайдалану, транзит пен тасымалдауқұқықтарын жүзеге асыруға, су асты құбырлары мен желілерді жүргізуге, тариғи орта мен биологиялық ресурстарды қорғауға байланысты ауқымды мәселелерді қамтиды.

Сөз алған Ресей Федерациясы Федерация Кеңесі Аграрлық-азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Сергей Белоусов және Иран Ислам Консультативтік Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Масуд Пезешкиан Конвенцияны уақытында ратификациялаудың маңызы туралы айтты.

С.Громов пен Иран Ислам Консультативтік Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Масуд Пезешкианның кездесуінде парламентаралық ынтымақтастық және екіжақты қатынастарды, оның ішінде парламентаралық үнқатысуларды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Отырысқа сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев, Ольга Перепечина, Михаил Бортник, Ғұмар Дүйсембаев және Бақтыбай Шелпеков қатысты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір