• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:17:24
Алматы
+35°

04 Қазан, 2018 Экономика

Қазақстан мен Ресей мұнай экспорты бойынша келісімге келді

Қазақстанға мұнай саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық Хаттамаға қол қойылды.

Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы – 2018» Халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак 2010 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық Хаттамаға қол қойды. 

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдің энергетика ведомстволары)
Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдың ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің экспортын және импортын ашу/жабу бойынша шешімдерді жылдам қабылдай алады.


Қазіргі таңда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Қол қойылған Хаттама Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір