• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:58:11
Алматы
+35°

21 Маусым, 2017 Кәсіпкер

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендері тығыз ынтымақтастықты қолдайды

Бұл туралы РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлердің  құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов «Атамекен» ҚР ҰКП-ның IV Съезінде хабарлады

Бұл туралы РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлердің  құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов «Атамекен» ҚР ҰКП-ның IV Съезінде хабарлады

Қазақстанда шын мәнінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығын ресейлік бизнес-омбудсмен атап айтты. Оның айтуынша, құрылғанына бір жарым жыл ғана болған Уәкілдің институты өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді.

«Әрине, біз осы институтты құруды қолдадық. Бүгінде Болат Әбілқасымұлымен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, бір-бірімізден үйренудеміз. Қазірдің өзінде оң өзгерістер бар. Бірлесе отырып қаралған өтініштер саны әзірге онша көп емес, небәрі оншақты өтініш.  Олар, негізінен, Ресей аумағында кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына байланысты. Бірақ бұл құқық бұзушылықтар мемлекеттік орган тарапынан емес, кәсіпкерлердің өз арасындағы мәселелер.   Бұл жерде серіктесті мұқият таңдаңыздар деген кеңес бергіміз келеді», - деді Борис Титов.

Титов өзі атап өткендей, ол Қазақстанның жүргізіп отырған саясатына «қызыға да, қызғана» қарайды екен. Бұл негізінен салық жүйесі, тарифтік саясат және ең бастысы биліктің кәсіпкерлікті қолдаудағы белсенділігі.

«Кәсіпкерлерге қатысты қозғалған істердің азаюы айтарлықтай әсер қалдырады. Ресейде біз бұл көрсеткіштерді тұрақтандыруды енді ғана қолға алудамыз. Ал сіздерде бақылау-қадағалау қызметінде және заңнаманы ізгілендірудегі нәтижелер айтарлықтай», - деп, атап өтті ресейлік бизнес-омбудсмен.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов және РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов  Өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлесе отырып шешкен өзекті мәселелердің бірі – Қостанай облысындағы сот орындаушыларының ресейлік «Техкомплект» компаниясына қатысты заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір