• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:28:12
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Саясат

Қазақстан мен Қытай басшылары 9 құжатқа қол қойды (фото, видео)

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ши жин пиң...

Елбасы сапарының сапында Қытайға барған Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныштың айтуынша, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ши жин пиң бірлескен мәлімдемеге қол қойған.

Назарбаев - Ши жин пиң

Бұған қоса ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Қытай өкілі Ван Сяотао, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Қытай өкілі Хэ Лифэн арасында жеңілдікті несие беру туралы негіздемелік келісіміне;

Қазақстан инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай даму және рефорамалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында бірлескен жобалар тізбесін бекіту туралы Меморандумға;

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Қытай өкілі Ни Юэфэн, ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Чжұң Шань арасында Өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу туралы Меморандумға;

Ядролық материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбау жөніндегі келісімге;

Электронды сауда саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға;

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Лю Кун және ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Ни Юэфэн арасында Қазақстан Қаржы министрлігі мен Қытай Қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға;

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Бас кеден басқармасы арасындағы Қытайға экспортталатын сиыр етіне карантин мен ветеринарлық талаптар туралы Хаттамаға, Қытайға экспортталатын жоңышқа пішініне фитосанитарлық талаптар туралы Хаттамаға;

барлығы 9 құжатқа қол қойылды.

6 маусымда ресми сапармен Бейжіңге барған Нұрсұлтан Назарбаевты бүгін Қытай билігі Халық жиналысы үйінің алдында салтанатты түрде қабылдады. Сап түзеген әскерилер Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын оркестрмен орындап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті.

Ши жин пиң Елбасына алғыс білдіре отырып, жарқын болашақ мақсатында Қазақстанмен бірге жүруге дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев өзін қарсы алған Қытай төрағасына алғыс білдіріп, құттықтау сөзін жеткізді.

Бұл – екі ел басшысының 18-ші рет жүздесуі.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір